Кәсіпкерлік нысандарын қыста санаймыз
Кәсіпкерлік нысандарын қыста санаймыз
129
оқылды
 

Шешімін таппаған мәселе көп

Қазақстан кәсіпкерлерінің құ­қын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов те шағын және орта биз­неске коронадағдарыстың оңай ти­мегенін, мемлекет бизнеске қол­­дау көрсетуге қатысты ұсыныс­тардың бірқатарын қолдағанымен, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін айтып отыр. «Биыл шілде айында «Ата­мекен» ҰКП кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізді. Зардап шеккен салаларда өз қызметін атқарып отырған 41 мыңнан астам бизнес субъектісіне жүргізілген сауална­мада кәсіпкерлердің 12 пайыз бизнесті жабу және қызметкерлерді қысқарту ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. Қоғамдық тамақ­тану саласында жабылып қалу қаупі төнген субъектілер 25 пайыз болса, туризмде – 24 пайыз, ойын-сауық және демалыс саласында – 22 пайыз, білім беруде 17 пайыз екен. Әрбір төртінші кәсіпкер мүлде пайда түспегенін айтады. Ойын-сауық және демалыс, ту­ризм, білім, қоғамдық тамақтану, халыққа қызмет көрсету сала­ларындағы бизнестің жағдайы ба­рынша ауыр», – дейді ол. Қазақстан кәсіпкерлерінің құ­қын қорғау жөніндегі уәкілге әлі күнге дейін кәсіпкерлерден несие жүктемесіне қатысты салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мер­зімін ұзарту туралы өтініштер түсіп жатыр екен. Жақын арада жыл соңына дейін мемлекеттік мүлік пен квазимемлекеттік сектор субъек­­­тілерінің мүлкін жалға алу­шы­ларға жалдау төлемін төлемеуді ұзарту бойынша оң шешім қабыл­данады деген үміт бар көрі­неді. Ал комму­налдық төлемдерді кейінге қалдыру, олардың құнын төмендету және айыппұл санк­цияларынан босату мәселесі өзекті күйінде қалып отыр екен. Себебі өңірлерде бизнес-ом­будс­мен кең­сесінің қа­ты­суымен өнім беруші – моно­полистің және Табиғи моно­по­лияларды реттеу комите­тінің ау­мақтық бөлімшесінің қаты­суымен бизнес үшін комму­налдық төлем­дерді төмендету (кейін­ге қалдыру, бөліп төлеу) мәселелері әлі қара­лып жатыр. Президентке үндеу жолдаған ШОБ өкілдері 30 жыл ішінде түрлі нарық жағдайында өмір сүріп, өркендеуді үйренгенін, қандай дағдарыс келсе де, несие алып, жұмыс істеп, салығын да төлеп тұрғанын, бірақ қазіргі пандемия ауыр соққы болып тигенін айтады. «Карантин жағдайында сауда, та­мақ­тану, туризм, білім беру, тұр­мыстық қызмет көрсету салалары (сұлулық салоны, химиялық таза­лау және т.б.) және ойын-сауық сала­сындағы бизнес жұмысын тоқтатты. Екінші карантиннен кейін ірі қалалардағы сауда орта­лықтарында бутиктердің 40 пайыз­дан астамы ашылған жоқ. Кәсіп­керлерде жалақы мен несиені жо­ға­ры пайызбен төлейтін жағдай қалмады. Шағын бизнес үшін қа­зіргі уақытта ең үлкен мәселе жо­ғары несиелік жүктеме болып отыр еді. Енді несиені кейінге қалдыру ай сайынғы төлемдердің өсуі­не әкеліп жатыр» делінген үндеуде. Ал қолданыстағы жеңілде­тілген не­сие­леу бағдарламасы ШОБ-тың басым бөлігі үшін қолжетімді бол­май шыққан.  

ШОБ-тың 1 пайызы ғана көмек алған

Ұлттық экономика министр­лігінің мәліметі бойынша, бүгінде жеңілдетілген несиелеу бағдар­ламасы, соның ішінде «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасын қосқанда шағын және орта бизнес субъектілері ұсынған 16 мыңға жуық жоба қаржыландырылған. Ал кәсіпкерлер бұл еліміздегі ШОБ субъектілерінің 1 пайызын ғана құрайды деп отыр. Микро және шағын бизнес субъектілері үшін кепілдеме мен несие алудың күрделі проце­ду­раларын талап ететін банктердің шартын орындау қиын. Сондықтан кәсіпкерлердің көпшілігі жеке тұлға ретінде жылдық 20 пайыздан жоғары мөлшерлемемен тұты­ну­шылық несие алады. Ал мұндай несиелік жүктеме пандемия кезінде оларға ауыр тиіп отыр. Кәсіпкерлер үшін кеңсе жалдау да проблемаға айналыпты. Мәсе­лен, астаналық сауда орталық­тарындағы сауда алаңын жалдау құны шаршы метрі үшін 40 мың теңгеден басталады. 70 шаршы метрлік дүңгіршек үшін кәсіпкер айына 2,8 млн теңге төлеуі керек. Ал егер алдағы уақытта салық көле­мі өсетін болса, бұл жығылғанға жұдырық болып тиеді. Соның алдын алу үшін ШОБ субъектілері билікке бірқатар ұсыныс жасады. Мәселен, қолданыстағы несие­лерді, оның ішінде тұтыну­шылық несиелерді қайта қаржыландыру, яғни жылдық мөлшерлемені 20 пайыздан 5-7 пайызға дейін төмен­дету. Кеңсені жалға берушілердің қолданыстағы несиелерін аренда ақысын көтермеу шартымен қайта қаржыландыру. Салық ауыртпа­лығын арттыруға 5 жылға мора­торий жариялау. Корона­дағда­рыстың салдары жойылып, іскер­лік белсенділік қалпына келгенге дейін салық көтеруге қатысты кез келген бастама мен талқылауды тоқтата тұру. 2021 жылдың соңына дейін салық демалысының мерзі­мін ұзарту және ШОБ субъек­тілері үшін тексерулердің күшін жою. «Құрметті Президент, сізден бүгінгідей өте қиын кезеңде шағын және орта бизнеске қолдау көрсе­туіңізді сұраймыз! Біз өз бизнесі­мізді, жұмысымызды сақтаймыз, үнемі салық төлейміз немесе өз кәсібімізді жауып, өзімізге, қыз­меткерлерімізге, сондай-ақ отба­сыларымызға әлеуметтік көмек сұрауға мәжбүр боламыз!» делінген үндеу соңында.  

Айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы ұзартылады

ШОБ өкілдерінің үндеуі Прези­дентке жетті ме, жетпеді ме белгі­сіз, бір анығы, олардың өтінішіне сай жауап кешегі Жолдауда айтыл­ды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толық­тыру бағдарламасы 2021 жыл­дың соңына дейін ұзарты­латынын мә­лімдеді. «Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде эконо­миканың зардап шеккен салала­рындағы ШОБ-қа жылдық 6 пайыз­­­­­­­­бен мемлекеттік субсидия­лауды қамтамасыз етуді тапсыра­мын. Төтенше жағдай режимі жа­рияланған сәттен, яғни 12 нау­рыз­дан бастап 12 айды қам­тиды», – деді Президент. Енді Ұлттық банк эконо­ми­каның барынша зардап шеккен салала­рындағы шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтыру жөніндегі арнаулы бағ­дарламаны іске асырады. Кешеге дейін бағдарлама осы жылы тоқ­татылады деп бол­жанған еді. Бү­гінгі дағдарыс жағ­дайында бағ­дарла­маның әрекет ету мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзарту тап­сырылды. Бастысы, бағдар­ламаның жалпы көлемін 800 млрд теңгеге жеткізе отырып, оған қо­сым­ша 200 млрд теңге қарастыру жүк­телді. Со­нымен қатар мемле­кеттік органдар мен квазимем­ле­кеттік секторға тиесілі жылжы­майтын мүліктер бойынша төлем есептеу осы жылдың соңына дейін тоқтатылмақ. Алдағы жылы шағын және орта бизнес қызметінің жаңа құқықтық базасы әзірленеді. Сонда кәсіп­керлік қызметке мемлекеттік құ­ры­­­лымның кез келген заңсыз ара­­­­­­­­ла­­суы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру жағдайы мемле­кет­ке қарсы жасалған өте ауыр қыл­мыс ретінде қабылданады. Әрине, бұл шешім ШОБ субъекті­леріне үлкен қолдау екені даусыз. Десе де, биз­нестің қаншасы жа­былып, қаншасы қалатыны көпте­ген фак­торға, со­ның ішінде бірінші кезек­те сұраныс пен елдегі сани­тарлық-эпидемия­лық жағдайға бай­ла­нысты екенін ескерген жөн сияқты...  

халимаХалима БҰҚАРҚЫЗЫ