Шаруа қожалығының мың қойын сатып жіберген күдікті Нұр-Сұлтанда ұсталды
Шаруа қожалығының мың қойын сатып жіберген күдікті Нұр-Сұлтанда ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
125
оқылды
Шопан шаруа қожалығының бір мың қойын сатып жіберіп, Нұр-Сұлтанға тайып тұрған. Келтірілген шығын көлемі 53 млн теңгеден асады. Қойшы ұсталды. Тергеу барысында ол, айыбын мойындап, өкінген кейіп танытты. Ал қаражатты керегіне жұмсаған.
Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова: «Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. Қазіргі таңда ол қамауда. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 189 бабы бойынша ол «Бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырапқа салу» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жәбірленушіге отызға жуық өзінің қойы қайтарылды», – деді.