Әйтейде әдемі білім ордасы
Әйтейде әдемі білім ордасы
504
оқылды
Қазіргі кезде  32 білім беру ны­санының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 23 мектеп, 1 спорт залына жапсарлас қосалқы  нысан салу, 3 балабақшаны қайта жаңарту, колледж студеттеріне арналған 4 жа­тақхана және 1 өнер мектебі бар.  Егер ойға алғандар түгелімен орындалса, облыста үш ауысымды мектептер саны азайып, апатты жағ­дайдағы білім ошағы дегенді ұмытатын боламыз. Өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарованың айтуынша, қазіргі кеде  17 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен бірге  жалпы си­паттағы трансферттер есебінен 11 мектеп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша 6 мектептің құрылысы салынуда.  Алдағы кезде «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы» бо­йынша 1 500 орындық тағы 6 мек­теп пен 1 200 орындық 1 мектеп салу көзделген. oiin alani Қарасай ауданының  Әйтей ауылындағы Б.Қосынов атындағы орта мектеп апатты жағдайда бо­латын. Осыдан екі жыл бұрын жаңа мектеп салу үшін 3,5 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 1 200 орындық білім ордасының құрылысы қолға алынған еді. Биыл сол білім ошағының құрылысы аяқталды.  Ендігі жерде  әйтейлік балалар жаңа оқу жылында су  жаңа мектепте білім алатын болды. Білім беру ісіндегі жағымды жаңалықтарды одан ары жал­ғастыруға болады.  Кеген, Жамбыл, Ескелді, Кербұлақ аудандарында жыл соңына дейін бірнеше мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен бірге биыл 23,9 млрд теңгеге 55 бі­лім беру ошағы күрделі жөн­деуден өтуде.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы