Қ.Тоқаев Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырды
Қ.Тоқаев Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.

«Egemen Qazaqstan» газеті ШҚО Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын»,– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, «Egemen Qazaqstan» газеті Өскемен мен өңірдің бүкіл қала-аудандарын жалғайтын, стратегиялық маңызы зор Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» өткелі жұртты әуре-сарсаңға салғанын жазған.