Қанат Ислам алаңға оралды
Қанат Ислам алаңға оралды
181
оқылды
Олимпиада ойындарының, Азия және әлем чемпионат­тарының жүлдегері  Қанат Ислам шаршы алаңға 16 қазан күні шығатын болды.  Кездесу АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өте­ді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз. Еске салсақ, Қанат Ислам екі жылдық үзілістен соң оралып отыр. Ол сол кезде екі жекпе-жек өткізген. Біріншісінде доми­никандық Хулио Де Хесусты жеңсе, екіншісінде намибиялық Уолтер Каутондоквадан басым түскен болатын.