Президенттің тапсырмасын орындау – әр азаматтың парызы
Президенттің тапсырмасын орындау – әр азаматтың парызы
320
оқылды
Біз, қанымызға сіңген береке-бірлік, ынтымақтың арқасында, әлемді жайлаған індетке қарсы әрекет ете алдық. Бірақ, күрес әлі жалғаспақ. Мұны ел Президенті: «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды», – деп қадап айтты. Расында да, байырғы заманнан бейбіт сүйгіш халқымыз, небір қиын-қыстау, нәубет кезеңдерді бірлігінің арқасында жеңіп шықты. Біз, бұл індетті де бірге еңсереміз. Тек, індетке қарсы қолданылып жатқан санитарлық талаптарды бір кісідей орындауымыз керек. Оған халқымыздың қажыр-қайраты жетеді деп білемін. Қазақстан Республикасының Президенті айтқандай, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бастамасымен, 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен бір жылғы қаржылай көмекке ие болған. Бұл, тағы да біздің бірлігімізді айқындаса керек-ті. «Біз біргеміз» акциясын қолдаған мәдениет майталмандары мен өнер қайраткерлері де пандемия кезінде аянып қалмады. Олар үн-жырғасы түскен халыққа рухани қолдау көрсетті. Аталмыш игі іс-шара әлі де жалғасын таба бермек. Қазіргі қиын кезеңде Мемлекет үшін басты міндет – әлеуметтік және экономикалық  дағдарыстан шығу екені ақиқат. Қасым-Жомарт Кемелұлы көптің көкейінде жүрген мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Президенттің: «Дағдарыспен күресуге 1 триллион бөлінеді, оңды-солды несие беру тоқтайды, дәрігерлер жалақысы 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен өседі, мұғалімдер жалақысы 2021 жылдан бастап 25% өсіп отырады, білім-ғылымға, зерттеуге қаржы көптеп бөлінеді. Білімділердің дәуірі келе жатыр», – деп баса айтқаны, көңілдегі сан күдіктің бұлтын серпілтті.

Иә, мемлекетіміздің экономикасы өркендей түссе, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ. Сонда барлық саладағы олқылықтардың орны толып, дами түспек деген пікірдеміз. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауынан тағы бір түсінгеніміз Қазақстандағы әр алты отбасының бірі – ұрпақсыз қалып отыр екен. Жолдауда бұл мәселенің оң шешімін табу мақсатында, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша мемлекеттік квота саны 7 есеге артқаны нақты айтылды. Әрине, бұл көңілге қонымды жаңалық. Халық санының өсуі еліміздің еркіндігі мен жеріміздің тұтастығының кепілі. Жолдауда айтылған мәселелерді жүзеге асыру – әрбір азаматтың парызы. Ерлан ДАКЕНОВ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры