«Тағы да сұранысқа ие 30-ға жуық анықтама жойылады» – Мусин қағазбастылық азаятынын айтты
«Тағы да сұранысқа ие 30-ға жуық анықтама жойылады» – Мусин қағазбастылық азаятынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
«Биометрия бойынша қызмет алушылардың Еgov-та бір қадам арқылы тіркелуін жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл қолданушыларға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез келген қызметке қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, көптеген адамдар egov қызметтерін пайдалана алатын болады», – деді ол.
Оның айтуынша, қызмет алушылар egov-ке тіркелгеннен кейін қағаз құжаттарымен қатар сандық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік жасалады. Бағдат Мусин: «Бұл сервиске жыл соңына дейін келесі құжаттарды шығару жоспарланған: жүргізуші куәлігі, автокөлік техпаспорты, шетелдік паспорт, жоғары білім туралы диплом,студенттік билет, сақтандыру полисі және тағы басқалары. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 30-ға жуық жоғары сұранысқа ие анықтаманы алып тастаймыз. Шынайылықты растау QR кодты оқу арқылы қамтамасыз етіледі», – деді.