Президенттің сапалы білім беру туралы тапсырмасын орындау – міндетіміз  

Президенттің сапалы білім беру туралы тапсырмасын орындау – міндетіміз  

Бұл  Жолдау – еліміздің пандемия  және постпандемия жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық  дамуының жақын арадағы және келешектегі негізгі траекториясын айқындап берді. Бірінші кезекте Президентіміз мемлекеттік басқарудағы жаңа  өзгерістерге тоқталды. Пандемия жағдайы еліміздегі билікті басқарудың осал тұстарын байқатты. Мемлекет басшысы осы жағдайларды ескеріп,  елімізде Жаңа агенттік құруды Үкіметке тапсырды. Агенттіктің мақсатын да айқындап берді. Агенттік мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайтын орган болуы керек деді. Сонымен бірге, Президент мемлекеттік қызметкерлердің санын екі жылда 25% қысқартуды тапсырды. Өйткені пандемия жағдайында азаматтар цифрлық қызметті пайдалану арқылы, мемлекеттік органдардағы көптеген сұрақтарын өздері ақ қашықтықтан шешіп отырды. Осыны ескерген Мемлекет басшысы заманның тез өзгеруі, келешекте цифрландырумен тікелей байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы министірліктердің жанынан құрылған жауапты хатшылар институтын қысқартуды тапсырды. Уақыт көрсеткендей, бұл институт өзіне міндеттелген қызметтің үрдісінен шыға алмағандығына тоқтала келе, Ел Президенті Мемлекетіміздің  қазіргі дамуындағы негізгі 7 басылымдылыққа  тоқталды. Осы басымдылықтардың барлығы да бір ғана мәселеге, яғни адами капиталдың сапасын жақсарту арқылы, Қазақстан халқының әлеуетін арттыруға бағытталды. Қасым-Жомарт Кемелұлы  адами капиталдың әлеуетін арттыру үшін  ең алдымен білім мен ғылымға,  адам  денсаулығы мен оның қоғам алдындағы жауапкершілігіне  ерекше көңіл бөлуді тапсырды.  Білім саласын цифрлау үрдісін жалғастыруды тапсыра келе, Мемлекет басшысы Үкіметке жақын уақытта азаматтарды қашықтан оқыту  үшін Ұлттық платформаны жасауды, сонымен бірге, жаңа жылдан бастап педагогтардың жалақысын тағы да 25% көтеруді тапсырды. «Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді.  Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді» деді. Президентіміз өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім алшақтығын жоюды ерекше  назарда ұстап келеді. Осы Жолдауда да Мемлекет басшысы азаматтардың білім сапасын арттыруда барлық заманауи амал-тәсілдерді және оқытудың басқа да түрлерін енгізуді үкіметке тапсырды. Жолдауда Президентіміз жас ғалымдарды ынталандыру  мақсатында қосымша 1000 грант берілетіндігін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы ЖОО-дағы «диплом басумен айналысатын» сапасы төмен оқу орындарын бұдан әрі де білім нарығынан ығыстыруды ел үкіметінің басшысына ерекше шегелеп тапсырды. Сондай-ақ, Президент Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Жолдаудағы тағы да бір жақсы жаңалық - Президентіміздің «Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ» деген ұсынысы. Егер де осы бағдарлама қабылданса, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік аренаға шығаруға толық мүмкіндік болар еді. Сондай-ақ, Жолдаудағы тағы да бір жағымды жаңалық - ол дәрігерлерге деген ерекше қамқорлық. Нақтырақ айтқанда,  үкімет биылғы мемлекеттік қаржыны қайта қарау кезінде дәрігерлердің әлеуетін арттыру үшін тағы да 150 млрд. қаржы бөлуді тапсырды. Сонымен бірге, Үкіметке 10 жылға арналған медициналық мекемелерді кадрмен жабдықтаудың ұзақ мерзімді  жоспарын даярлауды, азаматтарға барлық медициналық қызметтердің қол жетімділігін жақсартып, еліміздегі өмір сүрудің  орта жас мөлшерін 75 дейін ұзартуды тапсырды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есеге артатынына тоқталды. Сонымен қоса, еліміздегі отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу арқылы, ұлттық қауіпсіздік мәселесін де шешуге болатыны туралы үкіметке шегелеп айтты. Жолдаудағы өзекті мәселенің бірі де бірегейі ол -отбасылық-демографиялық ахуал болды. Еліміздегі статистикалық деректер бойынша, мемлекеттегі әрбір алтыншы отбасының бала сүю бақытына қол жеткізе алмай отыр. Осы мәселені ескерген Мемлекет басшысы 2021 жылдан бастап,  «Аңсаған сәби» жобасын құруды және оған бөлінетін квотаның санын 7 есеге, яғни 7000 арттыруды үкіметке тапсырды. Мемлекет басшысының ерекше тоқтаған  тағы бір мәселесі ол –балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы жасөсмпірімдерге қатысты елдегі соңғы кездегі жасалып жатқан қылмыстарға тоқтала келе, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын таптаған қылмыскерлерге жазаны барынша қатаңдатуды ұсынды. Жолдауда тұрғын үй мәселесі де назардан тыс  қалмады.  Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен 390 млрд теңге бөлінгеніне тоқтала келе, Мемлекет басшысы арендалық тұрғын үй құрылысы саясатының одан әрі де жалғаса беретінін мәлімдеді. Сол үшін де жаңадан «Отбасылық банктің» ашылғандығы және тұрғын үймен қамту саясатына бөлінген әрбір теңгенің  мемлекеттің бақылауында екенін тағы да шегелеп ескертті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021 жылдан бастап еліміздің азаматтары Бірыңғай зейнетақы жинақ қорындағы қаражаттың бір бөлігін 2021 жылдан бастап, тұрғын үй мен азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында пайдалануға болатындығын, ол үшін  қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажет болған  жағдайда өзгерту енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында  жастарға да  ерекше назар аударды. Өмірдің барлығына жеңіл қарамай,  аянбай еңбек ету арқылы  келешекте мол табыс пен бақытқа қол жеткізуге болатынын жастарға нақты мысалмен түсіндіріп берді. Бұл Президентіміздің еңбек және сол еңбектің қадірін бағалай білу туралы айтқан идеясы еді. Жолдауда адам құқығы да ерекше  мәнге ие  болды. Жаһандану мен интернет жүйесінің тым қарқын алған заманында, адамның ар-ожданын қатаң сақтау керектігіне тоқталды. Қорыта айтқанда, бұл Жолдау тағы да мемлекетіміздің басты бағыты – өз азаматтарын әлемдік экономикалық турболленттікке қарамай, халықтың әл- ауқатын арттыру, еліміздегі қалыптасқан ұлтаралық татулықты ту етіп, әлемдік кеңістіктегі айбынды орнымызды сақтап қалу және егемендігімізді барынша еңселі ету екендігін айқындап берді. Жолдауын аяқтай келе,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқын келесі жылы аталып өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жасампаздық пен бірлікте қарсы алуға шақырды. Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыпов, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры,  саяси ғылымдардың докторы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты