Жолдау ел ішіндегі проблеманы шешуге бағыт-бағдар береді
Жолдау ел ішіндегі проблеманы шешуге бағыт-бағдар береді
Фото: Интернеттен алынды
152
оқылды
Президент Жол­дауы өз жаңалықтарымен, құнды идея­ларымен, еліміздің жаңғы­руына, өркендеуіне негіз болатын сал­мақты тұжырымдармен ерекше­ленеді. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Қазақстандыы дамытуда  әрбір азаматтардың,  әрбір отбасының,  жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Биылғы Жолдаудың ­ ең басты ерекшелігі, біріншіден,  экономикадан бастап саяси реформаға дейін қамтитын негізгі алты бөлімнен, екіншіден, «еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек. Олар: игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі; жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі; әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу; өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру; адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту; «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау; мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу. Жалпы биыл Жолдауда әлемді әбігерге салған пандемия кезінде айқын көрініс тапқан  еліміздегі өзекті мәселелердің барлығы көтерілуі қатты қуантады. Ол  ең алдымен,  білімнің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту жайында айта келіп, отбасылық-демографиялық жағдайына және балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді,  келесі жылдан бастап тұрғын үй алу, емделу мен білім алу мақсатында азаматтар зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалана алады.  2021 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25%-ке өседі, қашықтан оқытудан біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді қарастыру, бірыңғай онлайн оқу форматын жетілдіру, елімізде жас ғалымдарды қолдау мақсатында ғылыми жобаларға гранттық қаржыландыруды  арттыру. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп болады. Келесі жылдан бастап ауыл әкімдерін халық сайлайтын болады. Ауыл әкімдеріне өз бюджеті беріледі, көшелерді жыл сайын жөндей беретін жобалар тоқтатылады.  Мәслихат депутаттары петиция арқылы қол жинап, жергілікті жердегі мәселелерді көтере алатын тетіктер қарастырылады. Мәслихат отырыстары онлайн көрсетілетін болады, онлайн петиция іске қосылып, ел азаматтары өзекті тақырыптарды көтере алады сияқты өзекті мәселелерге басты назар аударылды. Бүгін екі сағатқа жуық созылған  Президент Жолдауы бүкілхалықтың көңілінен шық­ты деп ойлаймын, себебі Мемлекет басшысының пікірінше, заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін емес. Алдымызда мемлекеттің азаматтарға қызмет етуінің жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс бар. Бұл істе маңызды рөл атқаратын құқық қорғау органдары мен сот жүйесін үлкен реформалар күтіп тұр.  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуге тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Жолдауда елімізде партия құрылысы үдерісін жалғастыру туралы да көтерілді: «Көшбасшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді.  Біз қоғам игілігі үшін сындарлы саясат жүргізіп келе жатқан басқа да саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз қажет.  Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс. Депутаттар Үкіметке өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, нақты шаралар қабылдауды талап ете отырып, өздеріне берілген заңды құқықтарын пайдалануы қажет. Заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас жасанды тартысқа емес, іскерлік сипатқа, өзара құрметке негізделуі тиіс.  Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп санаймын. Бұл саяси жүйе тұрақтылығының ұзақ болуы үшін маңызды. Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің дамуына оң ықпал етуі тиіс» деп мәлімдеді. Сондықтан, биыл Жолдаудың  «Nur Otan» партиясының Праймериздің басталуымен тұспа-тұс келуі кездейсоқ емес. Праймериз жеңімпаздары жаңа саяси - әлеуметтік  рефомаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.  «Nur Otan» партиясы Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыратын жүйелі  жаңа кадрлардың қайнар көзі бола алады.  Сабақтастық  шеңберінде Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асу» тұжырымдамасына сәйкес елдің қоғамдық-саяси саласын ырықтандыру процестеріне жаңа серпін берді. Бір жыл ішінде заңнамаға сайлауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, саяси партиялар шегі төмендетілді, әйелдер мен жастарға арналған арнайы квоталар енгізілді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу шарттары едәуір жеңілдетілді, парламенттік оппозиция мәртебесі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Nur Otan»  бұл өзгерістер партиясы, Жолдауда Президент ұсынған реформалардың жол бастаушысы. Жолдаудың іс жүзінде жүзеге асуын қоғамдық партиялық бақылау назарда ұстайды. Жолдаудағы тұжырымдар мемлекетіміздің дамуы үшін қажеттіліктерден пайда болған, әрі олардың жүзеге асырылу мүм­кіндіктері мен тетіктері жан-жақты қарастырылған аса маңызды құжат. Ендігі мәсе­ле әрбір қазақстандық осы Жол­дауда белгіленген бағдарла­ма­ларды іске асыруға өз үлесін қосуы қажет. «Nur Otan» партиясының да  мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру.

Меруерт КЕНЖЕБАЙҚЫЗЫ, саясаттанушы