Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы тағы да екі есе көбейеді
Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы тағы да екі есе көбейеді
Фото: Интернеттен алынды
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалімдерге дәптер тексергені үшін төленетін үстемеақы да екі есе көбейеді.
«Президенттің мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 пайызға арттыру тапсырмасы бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қыркүйек айынан бастап дәптер тексеру үшін үстемақы екі есе, сынып жетекшілігі үшін алатын үстемақы екі есе артатын болады», – деді министр.
Магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге көлемінде жаңа үстемақы алатынын айтты. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдағанын жазған болатынбыз.