Қайрат Лама Шариф елші болып тағайындалды

Қайрат Лама Шариф елші болып тағайындалды

«Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды» делінген Жарлықта. Қайрат Лама Шариф 1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Ертіс ауылында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық училищесін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген. 1986-1989 жылдары Йеменде араб тілінің аудармашысы, 1990-1991 жылдары  – «Рауан» баспасының шетелдік редакциясының редакторы, 1991-1993 жылдары – ҚазҰУ-дың араб филологиясы кафедрасының оқытушысы. 1993 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде Консулдық басқарманың үшінші хатшысы, содан кейін Таяу, Орта Шығыс және Африка елдерінің басқармасы болып жұмыс істей бастады. 1993-2002 жылдары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінде жұмыс істеді, онда үшінші хатшыдан кеңесшіге дейін қызмет етті. 1996-1998 жылдар аралығында СІМ Орталық аппаратында екінші, бірінші хатшы болып жұмыс істеді. 2006-2011 жылдары –  Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшісі, Қазақстанның Ислам Конференциясы ұйымындағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі, Оман сұлтандығындағы және Бахрейн корольдігіндегі елшісі қызметін қоса атқарушы. 2011-2013 жылдары – Дін істері агенттігінің төрағасы. 2013-2019 жылдары – Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі, Қазақстанның жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктегі Тұрақты өкілі.