Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 есе өскен
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 есе өскен
Спикердің айтуынша, қаланың барлық энергия кешенін жөндеу жұмыстарына ағымдағы шығыстар шамамен 22 млрд теңгені құрайды.
«Қаладағы тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының дайындығы 88%-ға жетті. Электр желілерінің дайындығы 82%, ал газ желілері 100%-ға дайын», – деді басқарма басшысы Әсет Масабаев.
Оның айтуынша, 20 қыркүйекке дейін жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар аяқталады. Сондай-ақ ол пандемия кезінде алматылықтардың коммуналдық қарызы өскеніне тоқталды. «Пандемия кесірінен жарияланған ТЖ нәтижесінде дебиторлық қарыздар 2 есеге артқан. Былтырдың өзінде тұрғындар мен заңды тұлғалардың дебиторлық қарызы 2 млрд теңге болатын. Биыл 4,5 млрд теңгеге жетті. Бұл көбіне пандемияның кесірінен болып отыр. Сондықтан түсіністікпен қарап, осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», – деді басқарма басшысы Әсет Масабаев. Қаланың энергетикалық кешенінің жұмысы дебиторлық қарыздардың өтелуіне байланысты. Сондықтан спикер қала тұрғындарын борышын тезірек өтеуге шақырды.