Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Жол қауіпсіздігін бағалау жүйесі енгізіледі

Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғалары әскери қақтығыстар, лаңкестік, коронавирус сияқты індеттерді басып озып – жастар өлімінің басты себебі болып отыр.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Қыркүйек 2, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Алматы, жол, сапа

Фото: Интернеттен алынды

Бұл проблемаға халықаралық деңгейде көңіл бөлініп, Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы 10 жылда жол апатынан болатын қайғылы оқиғаларды азайтуға күш салуда. Осы орайда, жыл сайын болатын 1,35 миллион адам өлімін 2 есеге азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздегі жол қауіпсіздігі жағдайы айтарлықтай жақсартуды талап ететіндігі рас. Өткен жылы жол-көлік оқиғаларынан 2373 адам көз жұмған,  бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 13 адам (12,7) болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселенің ауқымдылығын үнемі жоғары деңгейде көтеріп отыр. Осыған байланысты, жол бойындағы қауіпсіздікті күшейту мен жолдағы апат салдарын шектеу бойынша ауқымды шаралар қабылдануда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік банк ұсынған несиенің институционалды компоненті аясында 2020 жылдың қаңтарынан бастап IRAP халықаралық жол қауіпсіздігін бағалау жүйесін Қазақстанда енгізу жобасын бастады. Жобаны Швецияның SweRoad компаниясы мен «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми зерттеу институты» бірлесіп жүзеге асыруда.

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Алматыда 7 жасар қызды зорламақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Жоба шеңберінде 6200 шақырым республикалық және қалалық автомобиль жолдарын бағалау жұмыстары жүргізіледі. Оны «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК мен «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» АҚ-ның білікті мамандары жүргізеді. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – жол қауіпсіздігі саласындағы ұлттық сарапшылардың әлеуетін арттыру және халықаралық деңгейде бағалау жүргізуге қабілетті мамандардың біліктілігін шыңдау.

Жоба нәтижесі бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК, «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» АҚ, «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми зерттеу институты» ЖШС және жоғары оқу орындары базасында IRAP ұлттық білім платформасы құрылады. Сондай-ақ, IRAP-ты ұлттық заңнамаға енгізу бойынша алдын ала егжей-тегжейлі ұсыныстар дайындалатын болады.

Бағалау 50-ден астам параметр бойынша жүргізіліп, әр 100 метр сайын жазылып отырады. Бағалаудың бұл түрі – жұлдызды рейтинг 5 балдық өлшем бойынша автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін, яғни көлік жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, мотоциклистер, велосипедшілер үшін бөлек-бөлек берілетіндігімен маңызды. Бұл жолды пайдаланушылардың барлығы санатқа алынып, жеке қарастырылатындықтан, жол қауіпсіздігі тиімділігін арттыратын ерекше тәсіл болып есептеледі.

Бағалау бағдарламалық жасақтамасы бар арнайы жабдықталған көлік арқылы жүзеге асырылады. Жұлдызды рейтингі анықталғаннан кейін жол-көлік оқиғалары үшін инвестициялық жоспар жасалады. Соған сәйкес рейтингісі төмен облыстар ағымдағы кемшіліктерді түзетіп, жетілдіріліп отыруы тиіс.

Бұл әдістің артықшылығы – ол тек қауіптілігі жоғары жерлерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар барлық жол учаскелерін талдауға толық мүмкіндік беріп, апат деңгейі төмен (4 жұлдызды) онсыз да жақсы, ең қауіпсіз (5 жұлдызды) бөлімді қалай жақсартуға болатындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Бағалау жүмыстары биылғы жылдың тамыз айының басында Алматы облысы мен Алматы қаласында басталды. Қыркүйек және қазан айларында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында бағалау жүргізу жұмыстары жалғаспақ.

 

 
ID: 0
Тегтер: Алматыжолсапа
Алдыңғы жаңалық

Күн сәулесінен қуат алатын мешіт

Келесі жаңалық

Қымбат тұлпар жарға жықты

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент, кәсіпкер, қаулы, бас санитар
Жаңалықтар

«Өлуге де дайынбыз» – Шымкентте кәсіпкерлер бас санитардың қаулысын жарты-ақ сағатта өзгертті

Сәуір 22, 2021
пневмония, ауру, науқас
Жаңалықтар

Пневмониядан бір күнде 4 адам қайтыс болды

Сәуір 22, 2021
Алматы, Наурызбай ауданы, су құбыры, адам өлімі
Жаңалықтар

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Өлуге де дайынбыз» – Шымкентте кәсіпкерлер бас санитардың қаулысын жарты-ақ сағатта өзгертті

Сәуір 22, 09:35

Пневмониядан бір күнде 4 адам қайтыс болды

Сәуір 22, 09:07

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 08:44

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 08:15

Жылы киім сұраймын деп жұмыссыз қалды

Сәуір 22, 08:07

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 07:39

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 22, 07:04
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Шымкент, кәсіпкер, қаулы, бас санитар

«Өлуге де дайынбыз» – Шымкентте кәсіпкерлер бас санитардың қаулысын жарты-ақ сағатта өзгертті

Сәуір 22, 2021
пневмония, ауру, науқас

Пневмониядан бір күнде 4 адам қайтыс болды

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»