Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдердің пайдалана алатынын айтты
Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдердің пайдалана алатынын айтты
© сурет интернеттен алынды
5,117
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдердің пайдалана алатынын айтты.
«Ел Президенті халыққа Жолдауында әлеуметтік сала бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы осы жылдың соңына дейін азаматтардың өз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емге төлеуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану бойынша қажетті құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмысын жүргізуді тапсырды. Бүгінде мақұлданған тұжырымдамалық шешім бар. Аталған мақсатта 721 мың адамның өз зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі болады. Осы орайда шамамен 1,4 трлн теңге көлемінде», - деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл  мүмкіндікті пайдаланатындар жеткіліктілікті шегінен асатын зейнетақы жинағы бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат, 178 мыңнан астам зейнетақы жинағы бар зейнеткер және 13 мың аннуитет төлемдеріне шарт жасаған азаматтар. Айта кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болатынын айтты.