Қызылордада түн ішінде жоғалған 10 жасар қыз аман-есен табылды
Қызылордада түн ішінде жоғалған 10 жасар қыз аман-есен табылды
© сурет интернеттен алынды
88
оқылды
Қызылорда облысында түн ішінде жоғалып кеткен 10 жасар қыз бала аман-есен табылды, - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқыс оқиға бүгін, 2 қыркүйекте 04.30-да болған. Сырдария аудандық бөлімінің кезекші қызметіне жергілікті тұрғын 2010 жылы дүниеге келген қызының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлаған.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, іздестіру шараларын жүргізді. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды анасымен бірге таңертеңге дейін іздеді. Барлық туысы және таныстарының үйлерін шолып шықты. Көшелер мен көп қабатты үйлердің жертөлесі назарға алынды. Сыныптастарына сұрау салынды. Іздестіру барысында сағат 08.30-де ол Қызылорда қаласынан табылды», - делінген хабарламада.
Бала анасына аман-есен тапсырылды. Қазір оның ата-анасымен және өзімен профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.