132 мектеп интернетке қосылмаған

132 мектеп интернетке қосылмаған

Nur Otan партиясының Ор­талық аппаратында пар­тияның «Қазақстан – 2021: Бір­лік. Тұрақтылық. Жасам­паз­дық» сайлауалды бағдар­ламасының «Білім» бағыты бойынша Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов мектеп инфрақұрылымының бүгінгі жай-күйіне баса назар аударды. Ол сон­дай-ақ ауылдық елдімекендерге әлі күнге дейін сапалы желілік байланыс жүйесі жетпегенін, республика бо­йын­ша 132 мектеп интернет желісіне қосылмағанын мәлімдеді.

– Елімізде 1 636 елдімекенде мек­тептің болмауынан, 26 742 оқушы­ның тұрғылықты жері бойынша оқу­­ға мүм­кіндігі жоқ. Пайдалану мерзімі өт­кен, тозығы жеткен мектеп ғи­ма­рат­тары апатты мектептер қатарына өте­ді. Бүгінгі таңда 151 мектепке күр­­делі жөндеу жүргізу керек болса, 13 мек­теп апатты жағдайда тұр, – деді ол.

Сондай-ақ баяндама соңында тиісті ведомство Қаржы министр­лігімен бірлесе отырып, ауылдағы жалпы білім беретін мектептерді 100% мультимедиялық құралдармен жабдықтауды қолға алу туралы ұсыныс айтты.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға қойылатын стандарттар мен талаптар туралы Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділ­даева баяндады. Баяндама кезінде ол 2018-2019 жылдары мектепке дейінгі мекемелердің 49%-ы (3 036) бей­не­бақылау жүйесімен жарақтанды­рылғанын, мектепке дейінгі мекеме­лердің 8,1%-ы (504) ғана бейне­ба­қылау камераларымен толық жаб­дықталғанын атап өтті. Депутаттың айтуынша, балабақшаларға бей­не­бақылау жүйесін енгізудің арқасында тәрбиешілер мен педагогтардың жұмыс сапасы жақсарған.

Комиссия отырысында Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мектептердегі білім беру сапасын көтеру мәселесін көтерсе, Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаме­нова цифрлы білім беру ресурстарын дамыту жөнінде айтып, ауыл мек­тептерінің жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылуындағы түрлі кедергілерге кеңінен тоқталды.