Нұр-Сұлтанда және 7 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 3 қыркүйекте таңертең және күндіз елордада күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 16-18 градусқа дейін күрт төмендейді.
3 қыркүйекте күндіз Қостанай облысында ауа температурасы 12-18 градусқа дейін күрт төмендейді. 3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 және 25 метрге дейін жетеді. 4 қыркүйекте Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 және 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 12-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.