Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметші көз жұмды
Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметші көз жұмды
Ақтауда парашюті толық ашылмай қалғандықтан құлап жарақат алған әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында көз жұмған.
- Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, дегенмен кеше, 1 қыркүйекте науқас Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның отбасына көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.