Ақтауда парашюті толық ашылмай қалғандықтан құлап жарақат алған әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында көз жұмған.
- Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, дегенмен кеше, 1 қыркүйекте науқас Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның отбасына көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.