Бразилия тұрғыны 152 күн бойы коронавирус тасымалдаушысы болған
Бразилия тұрғыны 152 күн бойы коронавирус тасымалдаушысы болған
Бразилия тұрғыны 5 ай, нақтырақ айтсақ, 152 күн бойы вирус тасымалдаушысы болған. Бұл туралы Рио-де-Жанейро федералдық университетіне сілтеме жасай отырып, жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды. Індетті жұқтырған әйел денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді екен. Наурызда аурудың жеңіл белгілері байқалыпты. Кейіннен COVID-19 симптомсыз өткен екен. Әйел үйде оқшауланып, тек 5 ай дегенде ғана жұмысқа қайта шығыпты.