Алматы облысында полицейлер ауа жетпей тұншыққан 8 айлық сәбиді шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті. Осыдан соң әлеуметтік желіде белгісіз полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан пост жарияланды.
Алматы облысы Полиция департаменті автордың постынан кейін алғыс алғандардың кім екенін анықтады. Polisia.kz-тің жазуынша, 13 тамыз күні Талдықорған қаласы патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы Руслан Тезекпаев серіктесі Мадияр Керімбаевпен бірге Бескөл стансасында іссапарда болған. Сағат 14:30 шамасында олар Mazda автокөлігін тоқтатады. Көлік ішіндегілер мазасыз күйде болыпты. Өйткені жағдайы нашарлаған сәбиін Үшаралдағы ауруханаға апара жатқан.