Ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау. Бұл жерде ұстаздар үшін ұлы ақын мұрасын насихаттау үшін түрлі оқу құралдары жинақталған. Сондай-ақ жоба аясында көрерменге 63 елдің әліппесі қойылған көрме ұсынылды. Оның көпшілігі – түркітілдес халықтардың алғашқы әліппелері.
ШҚО университеті ғылыми кітапханасының директоры Перизат Нұрғалиева: «Ал енді мұның құндылығы бүгінгі құндылығы қазіргі уақытқа сәйкес кеп отыр. Өйткені ондаған жыл бойы біліммен сусындатқан әліппе қайтып келді. Ертеңгі күні балаларға сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек болатынына сенімдіміз», – деді.