Айдалада із-түзсіз жоғалған ана мен бала аман-есен табылды
Айдалада із-түзсіз жоғалған ана мен бала аман-есен табылды
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
Бір топ адам «Ақтау – Бозжыра – Қызылқұпы – Қарынжарық – Бұлойық үңгірі» бағыты бойынша жолға шыққан, – деп жазады «Қазақпарат». Топ ішінде Ольга атты келіншек басқалардан бөлініп, басқа жолға түсіп кеткен. Көлікте анасымен бірге кішкентай бала болған. Оларды екі күн бойы іздеді. Келіншектің құрбысы Ирина Муравьеваның айтуынша, 4 көлік 29 тамызда жолға шыққан. Арада бір тәулік өткенде олар Үстірт қорығына жетеді. Сол жерге түнеп, ертеңінде туристер соңғы нүкте – Бұлойық үңгіріне қарай аттанған. «Жолда кетіп бара жатқанда Ольга бізге басқа жолмен баратынын ескертті. Өйткені ол бұған дейін де үңірге бірнеше рет келген. Біз үңгірде кездесеміз деп келістік. Бірақ діттеген жерге жеткенде Ольганы таппадық. Ол бәріміз жолға аттанған нүктеге қайтып кеткен болар деген оймен біз артқа қайттық. Бірақ оны еш жерден таппадық. Шекарашылар мен қорықшылар ешқандай көлікті көрмедік деді. Біз өз бетімізше іздеуге кірісіп кеттік. Жолай «Легион тур» бірлестігінің адамдарын кездестірдік, олар өз шаруасын ысырып қойып, бізге көмекке келді. Жарты тәулік іздеп таппаған соң Жаңаөзенге барып, әйел мен бала жоғалғанын хабарладық. Жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар жедел қосылды» дейді Ирина. 2 қыркүйек күні іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ольга мен баласы табылды. Туристердің көлігі не себепті өртеніп кеткені әзірге белгісіз. Құтқарушылардың көмегімен ана мен бала аман-есен табылды.