Құмсайдың оқушылары далада оқып жатыр
Құмсайдың оқушылары далада оқып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
Себебі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ауылда мектеп жоқ. Мұндағы 20 көпбалалы отбасы қиналып жүргенін айтады.
Көпбалалы ана Айнұр Әлжанова: «Оразалин (Ақтөбе облысының әкімі – ред.) үйдің кілтін берді. Қолымызды алып, барлығы жақсы, газ болады деп айтты. Бірақ келісімшартта жоқ. Біз қолымызды қойдық. Онда өз есебімізден коммуникация желілерін өткіземіз деген пункті де жоқ», – деді ол.
Құмсайда мектеп, дәріхана, дүкен де жоқ. Тұрғындар азық-түлік алу үшін аудан орталығына барады. Ол ауылдан 8 шақырым жерде орналасқан. Автобус қатынамайды. Такси жүргізушілері екі жаққа да 2000 теңгеден тасымалдайды. Ауылда ұялы байланыс, интернет те жоқ. Мектеп  оқушылары қашықтан білім алу үшін далаға шығуға (телефон байланыс бар жерред.) мәжбүр. «Біз бір нәрсе істеу керек болса, далаға шығамыз. Аудандық білім бөлімінің басшысы 10 қыркүйекке дейін тек роутер беретінін айтты. Бірақ 10 қыркүйекке дейін оқушылар қаншама уақытын жоғалтады», – дейді тұрғын. https://youtu.be/_SDY8eHfmmM