Араб коалициясы Йеменде әскери операция бастады
Араб коалициясы Йеменде әскери операция бастады

Сауд Арабиясы басқаратын Араб коалициясы Йеменде әскери операция бастады.

Саудияның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпарға сәйкес, операция нәтижесінде Йеменнің Ходейда портының солтүстігіндегі төрт нысанның көзі жойылған.

Бұл нысандарды бүлікшілер қашықтықтан басқарылатын қайықтар мен теңіз миналары үшін қолданған. Сондай-ақ Қызыл теңіздің оңтүстігі мен Баб-әл-Мандеб бұғазына қауіп төндірген.

Йемен Республикасындағы әскери қақтығыс бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Онда шиіт қозғалысына қарасты «Ансар Алла» бүлікші-хуситтер мен Сауд Арабиясы және БАӘ-ден қолдау тапқан Йемен үкіметінің әскері соғысуда. Олар Йеменнің астанасы Сана мен елдің солтүстігінде жерлердің біраз аумағын басып алған.

Ал 14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай өндіретін зауыттарына шабуыл жасалғаны хабарланды. Салдарынан Корольдік мұнай өндіруді екі есеге қысқартты. Шабуылға жауапкершілікті йемендік бүлікші-хуситтер алды.

Дегенмен, ресми Эр-Рияд пен Вашингон шабуылды бүлікшілердің жасағанына нақты дәлелдер жоқ деді. Олардың пікірінше бұған Иран жауапты. Тегеран болса, бұл айыптауларды жоққа шығарды.