Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді. Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін, салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға (ҚР Үкіметінақтылайды - ред.) жүгінеді. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын болады. Бұдан бұрын Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын баспана алу үшін кімдер алатынын айтқан болатын.