Тоқаевтың сынынан соң, Тоғжанов министрліктегі жауапты хатшылар қанша жалақы алатынын айтты
Тоқаевтың сынынан соң, Тоғжанов министрліктегі жауапты хатшылар қанша жалақы алатынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
184
оқылды
Оның айтуынша, жауапты хатшылар институты 15 министрлікте жұмыс істейді. Президент сынаған жауапты хатшылардың міндетін енді аппарат басшылары орындайды.
«Аппарат басшысының қызметі мен функционалдық міндеттері Мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетілген. Ол жауапты тұлғалардың өкілеттігіне толық сәйкес келеді. Мәселе күн тәртібінде тұр. Шешім жақын күндері қабылданады. Орташа жалақы жұмыс өтіліне байланысты 685 мыңнан 830 мыңға дейін (теңге)», – деді ол.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшыларды таратуды тапсырған еді.