Биыл қанша көпбалалы отбасы баспаналы болады?
Биыл қанша көпбалалы отбасы баспаналы болады?

Бүгін Үкімет үйінде осы тақырыпқа орай баспасөз мәслихаты өтті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін 8 мың көпбалалы отбасы баспаналы болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пайдалануға беріліп жатқан үйлердің саны өсіп келеді. Былтыр 12 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілсе, биыл 13 миллионнан асады деп жоспарлап отырмыз. 120 мың пәтер беріледі. 8 айдың ішінде 7 млн 600 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Ол – 65 825 пәтер. Оның ішінде 28 210 жеке тұлғалар салған үйлер, ал 37 615 үй көпқабатты пәтерлер»,– деді вице-министр.

Қ.Өскенбаев бұл ретте былтырмен салыстырғанда, 4 өңір үй құрылысы бойынша алға қойған жоспар бойынша толық жұмыс атқарып жатқанын айтты. Дегенмен, екі өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында 33 пайызға, Маңғыстау облысында 9,5 пайызға үй құрылысының көрсеткіші төмендеген.

«Былтыр мамыр айында көпбалалы отбасыларға үй сала бастадық. Биыл 6 мың пәтер береміз деп ойлаған едік. Бірақ, оның саны артайын деп отыр. Бүгінгі күні 2 813 пәтер берілді. Жылдың соңына дейін 8 мыңға жеткіземіз деп отырмыз. «Бақыты отбасы» ең танымал бағдарламаға айналды»,– деді вице-министр.