Атырау облысы Құрманғазы ауданының ПБ қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ауыл тұрғынынан құқық бұзушылықтың біреу емес бірнешеуін бірден анықтады. 55 жастағы азаматтың мекен жайынан жалпы салмағы 900 грамм 43 орамға бөліп салған қарасора, сонымен қатар заңсыз сақталған 16-калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрі, 62 дана гильза табылды. Бұдан басқа ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталып, 178 түп қарасора алынды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыс кодексінің екі бірдей баптарымен "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені" және есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, кептіріп, үгітіп сақтағаны бойынша жүргізілуде. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482 бабымен қаруды заңсыз сақтағаны бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.