Жамбылдықтар мемқызметкерлерді қысқартудан 1,5 миллиард теңге үнемдемек
Жамбылдықтар мемқызметкерлерді қысқартудан 1,5 миллиард теңге үнемдемек
©А.Ахметқазы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы ең қызу талқыланып, талайдың ойын сан-саққа жүгіртіп отырған мәселе – мемлекеттік қызметшілердің қысқаруы болып тұрғаны анық. Бұған қатысты біреулер «ойбой, не дейсің, талай адам жұмыссыз қалады екен» деген болжам жасаса, енді екіншілер байыпты байлам айтуда. Күні кеше бұл мәселе Жамбыл облысы әкімдігінің актив жиынында да қаралып, алғашқы есептері шығарылды. Жиында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев стратегиялық құжатта айтылған мемлекеттік қызметшілерді қысқарту бойынша тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді. Алдын ала есеп бойынша қысқартудан кейін 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделуі мүмкін. Алайда ол қай саланың және қандай мамандары болары әзірге белгісіз. Десе де бұл бағыттағы зерделеу жұмыстары бүгінде басталып кетті.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы