Австралияда климатты қорғау жөніндегі ғаламдық акцияға 300 мың адам қатысты
Австралияда климатты қорғау жөніндегі ғаламдық акцияға 300 мың адам қатысты
126
оқылды

Әлемнің 150 елінде Global Strike 4 Climate экологиялық акциясы өтті. Митингілер Австралия мен Азияны қамтыды. Германияда 500-ге жуық наразылық акциясы болды,–деп жазады dw.com

Австралияда Global Strike 4 Climate халықаралық климаттық акциясы шеңберіндегі митингілерге 300 мыңға жуық адам қатысқан. 20 қыркүйек, жұма күні Мельбурнда 100 мыңға жуық мектеп оқушылары мен студенттер әлемдік қауымдастықты климаттың өзгеруіне қарсы шұғыл әрекет етуге шақырды.

Австралияда өтіп жатқан акцияларды католик шіркеуі де қолдап отыр. Австралияның католиктер конференциясының жетекшісі Питер Кэрролл: «Біз экологиялық әділеттілікті жақтайтын жастарды қолдаймыз» деді.

Азия, Африка және Антарктикадағы наразылықтар

Deutsche Welle сайтының хабарлауынша, ғаламдық климаттың жылынуына қарсы наразылық шерулері өзге құрлықтарда да қолдау тауып жатыр.

ҚХР Үкіметінің тыйым салғанына қарамастан, Қытай белсенділері азаматтарды митингіге шақырды.

Гонконгтағы наразылыққа шамамен 50 адам қатысты. Нью-Делиде өткен акцияға бірнеше ондаған студенттер мен экологиялық белсенділер келген. Ал, Таиланд астанасында ұйымдастырылған шараға 250-ге жуық адам қатысты.

 Наразылық акциялары Африканың көптеген қалаларында өтіп жатыр. Атап айтқанда, Найробидің орталығында бірнеше жүз адам Кенияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ғимаратына шеруге қатысып, үкіметтен көмірмен жұмыс істейтін электр станциясын салу жоспарынан бас тартуды талап етті.

Осылайша, жаһандық климаттық ереуіл барлық жеті континентті қамтыды,–деп хабарлайды dw.com.

 

Германияда 500-ден астам акция жоспарлануда

 Еуропаның көптеген қалаларында өтіп жатқан шерулер де халықаралық климатты қорғау науқаны аясында бастау алған. Атап айтқанда, 20 қыркүйек күні жергілікті полиция өкілі Германияның Фрайбург қаласында 17 мыңға жуық адам көшеге шықты,– деп хабарлады. Қала басшысы Мартин Хорн «азаматтардан әсерлі және күшті сигнал», сезіледі деп мәлімдеді.

Дегенмен, Франкфуртте демонстрацияларға байланысты көлік қозғалысында айтарлықтай кедергілер орын алған. Жергілікті полиция қызметкерлері «Франкфурттың айналасында жарияланбаған блокадалар» туралы хабарлап, акцияға қатысуышыларға жол қозғалысына кедергі келтірмеу туралы ескертті.

 Ресейде бір адамдық пикеттер мен жаппай акциялар өтті

Ресейдің бірқатар қалаларында Санкт-Петербургте, Нижний Новгород, Калининград, Сочи мен Екатеринбург және т.б қалаларда бір адамдық пикеттер мен жаппай шерулер өткізілді,– деп жазады Коммерсант.

150 елдегі наразылықтар

 Жалпы алғанда, 150-ге жуық елде климаттың жылыунына қарсы демонстрациялар жоспарланған. Әлемдік қозғалысқа бастамашысы 16 жастағы швед оқушысы Грета Тунберг.

«Жұма – болашақ үшін» (Fridays For Future) ұранымен 2018 жылы климаттың жылынуына қарсы басталған наразылық бүгінде жаһандық жастар қозғалысына айналды,–деп жазды dw.com.