Өзбекстан Қазақстанмен арада қатынайтын әуе рейстерін қалпына келтірді. Атап айтқанда, Ташкент – Алматы – Ташкент бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет (жұма күні) ұшады. Uzbekistan Airways АҚ компаниясы БАӘ, Германия, Қырғызстан және Түркия елдерімен арадағы тұрақты әуе рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін хабарлады.
- Ташкент – Дубай-Ташкент – 4 қыркүйектен бастап аптасына бір рет (жұма);
- Ташкент – Франкфурт – Ташкент – 10 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (бейсенбі);
- Ташкент – Алматы – Ташкент – 11 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (жұма);
- Ташкент – Бішкек – Ташкент – 14 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (дүйсенбі);
- Ташкен – Ыстамбул – Ташкент – 4, 7, 11, 14, 16, 18, 21, 23, 24, 25, 28 және 30 қыркүйек күндері.