Инфекционист күзде коронавирустың кең таралуына жол бермеу үшін не істеу керектігін айтты
Инфекционист күзде коронавирустың кең таралуына жол бермеу үшін не істеу керектігін айтты
© сурет интернеттен алынды
153
оқылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың штаттан тыс бас инфекционисі Тамара Ұтағанова тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салу коронавирус инфекциясының кең таралуына жол бермейді деп есептейді. Дәрігердің айтуынша, күз көптеген созылмауы аурулар қозатын кезең, жедел респираторлық вирусты инфекция және тұмау маусымы.
"Егер осындай аурулармен ауырып, иммунитетімізді әлсірететін болсақ коронавирустың келесі толқынына ағзаның әлсіреуімен кіреміз. Осы тұрғыда біздің жұқпалы аурулар аурханасының эксперттік тобы мен көптеген әріптестірміз аурудың алдын алу үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. Оның ішінде жедел респираторлық инфекция мен тұмау, коронавиурстық вирусты жұқтырғанда емдеу алгоритмдерінің барлығы қамтылған. Қыс мезгілінде ЖРВИ мен тұмаумен аурымаудың бір жолы оның алдын алатын вакцина алу. Екпені салу күз кезінде жылда жүргізіледі. Екпе салу коронавирусты инфекцияның алдын алуда үлкен маңызға ие. Сол арқылы біз өзімізді тұмаудан сақтай отырып, коронавирустың қарқын алмауына ықпал етеміз", - дейді ол.
Дәрігер әсіресе қауіп тобына жататын азаматтардың вакцина салдырғаны дұрыс екенін айтты. Қауіп тобына 65 жастан асқан азаматтар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы барлар, жүрек, бүйрегі ауыратындар және медицина қызметкерлері жатады. Оның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың таралу маусымы 1-ші қазан мен наурыз айының соңына дейін жалғасады. Оның алдын алу жұмыстары, яғни вакцина салу қыркүйек айынан бастау алады.
"Қазір коронавирустың келесі толқынына дайындық жүргізіліп жатыр. Жұқпалы аурулар ауруханасына қосымша төсектер қойылды. Барлық клиникалар қажетті медициналық техникамен жабдықталған. Оған қоса жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтылды. Сондай-ақ коронавирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен маусымдық тұмауға арналған дәрілермен де қамтылды", - дейді Ұтағанова.
Инфекционистің пікірінше, қалада карантин шаралары жеңілдетілгенімен, маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану маңызды міндет.
"Карантинді алып тастау вирустың таралуы болмайды деген сөз емес. Вирустың таралуын тек өзіміз ғана тоқтата аламыз. Сондықтан маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау мен гигиенаны сақтау өзекті болып қала береді", - деп түйді ойын ол.