Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«Балдәурендегі» көңіл күй

Назгүл Ержанқызы
Қыркүйек 20, 2019
Әлеумет
5.5k
қаралым

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Күздің басталысымен Балдәуренде «Шешендік өнер және көркемсөз оқу шеберлері» атты 12 ауысым жұмысын бастап кетті.

Ауысымға Абай, Махамбет, Мағжан, Шәкәрім, Мұқағали, Оралхан Бөкей, Тұманбай, Қадыр, Фариза оқуларының жеңімпаздары келді. Бұл ауысымның мақсаты балаларға қазақ халқының би-шешендерінің нақыл сөздерін үйрену арқылы сөз қолданысында пайдалана білуді, шешендік өнер дәстүрін бойларына сіңіру арқылы ой жүйелілігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шешендік өнерге дарынды және мақсат қоя білгіш жасөспірімдерді тарту; тәуелсіз ой қалыптастыруға, өзіндік тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беру, жағдай жасау болатын.

«Балдәурен – Қапшағайда» балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жолында әртүрлі қызықты танымдық үйірме бар. Балалар жеке қабілеттерін арттыру мақсатында өздеріне керекті әртүрлі ақпарат алмасып, тәжірибе жинап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Жалпы орталықта 24 үйірме жұмысын істейді. Олар: «Жас медбике», «Вокал», «Балдәурен пресс», «Актерлік шеберлік», «Кітаптар әлемінде», «Жас аспазшы», «Оригами», спорт түрлерінен (мерген, фитнес, теннис, үстел-үсті ойындары), «Қыш құмыра» және т.с.с. «Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер» демекші біздің орталықта жаңадан «Жас зергер» үйірмесі ашылды. Үйірме балалардың бойына қазақтың тарихи-мәдени материалдық мұрасының жарқын тұсы жайында хабар беріп, эстетикалық талғамын, дағдыларын қалыптастырады.


Ерекше атап өтетін жайт – екінші жыл қатарын өткізіліп жатқан «Бойтұмар-2019» атты ІІ Республикалық тіл олимпиадасы. Олимпиада мақсаты – мемлекеттік тіл мен халықаралық тілдік қатынас қолданысындағы ағылшын тілін терең меңгеруге ынталандыру, зерттеушілік, сыни ойлау, сыни қабылдау дағдыларын жетілдіруге күш салу. Олимпиада жоғарғы деңгейде өтті. Олимпиадаға қатысу арқылы балалар тілдік дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіре алды.

Балдәурендіктердің әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру әрі ашу мақсатында әртүрлі іс-шара ұйымдастырылады. Олар: «Шаттық – 2019», «Абай, Махамбет, Мағжан, Шәкәрім, Мұқағали, Оралхан Бөкей, Тұманбай, Қадыр, Фариза» оқулары, «Бриколаж» т.с.с. Мұндай іс- шаралар балдәурендіктердің білімін тереңдетуге, іскерлік дағдысын дамытуға қабілеті мен қызығушылығын арттыруға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Атаулы күндерде, мерекелік шараларда арнайы концерт мен көрме ұйымдастырылып, балалардың жеке жұмыстары бағаланып отырады

.

Дәстүрлі түрде орталықта «Олимпия» СМ спорттық ойындары өтеді. Олимпия барысында топтық және жекелей біріншіліктер өткізілді. Ауысымда «Мерген» үйірмесіне қатысқан балалар өздерінің дағдыларын жарыста көрсетті. Ал командалық ойында балалар бір – біріне қолдау көрсету арқылы жақындай түсті.

Қорыта келгенде, балалардың «Балдәуреннен» алған әсері ерекше.

Лагерь балалардың қабілетін жетілдіріп қана қоймай, оларды тұлғааралық қарым-қатынасқа тәрбиелеп, өнерге деген қызығушылығын арттырды. Қалай десек те, «Балдәурен» – балалар үшін ерекше демалыс орны. Баламен бірге қуану, мұңаю оның әсері мен қуанышын бөлісу – ұйымдастырушы -ұстаз үшін бақыт. Ал осындай бақытқа жол ашу – біздер, тәрбиешілер, үшін үлкен табыс.

«Балдәурен-Қапшағай» РОСО әдіскері Әсел Тукушова

 
Тегтер: АбайбалаБалдәуренҚадырМағжанМахамбетмектеп жасыМұқағалиОралхан БөкейТұманбайФаризШәкәрім
Алдыңғы жаңалық

ӘЧ: Боксшы Тұрсынбай Құлахмет қола медальді иеленді

Келесі жаңалық

Қазақстан 2025 жылы полиэтилен пакеттерден бас тартуы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

әскер, әскери борыш, әскерге шақыру, Қарулы Күштер
Жаңалықтар

«Әскерге бармау үшін ақша берудің қажеті жоқ» – бүгін әскерге шақыру басталды

Наурыз 1, 2021
алғыс
Әлеумет

Қазақ халқына мың алғыс

Ақпан 27, 2021
Азия Авто
Әлеумет

«Азия Авто»: 1 969 жұмысшы қайда барады?

Ақпан 27, 2021
Атырау
Әлеумет

Атырауда ысырапшыл емхана аз емес

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әскерге бармау үшін ақша берудің қажеті жоқ» – бүгін әскерге шақыру басталды

Наурыз 1, 07:36

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 1, 06:50

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 00:11

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 23:29

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 28, 22:48

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 22:02

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 21:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

әскер, әскери борыш, әскерге шақыру, Қарулы Күштер

«Әскерге бармау үшін ақша берудің қажеті жоқ» – бүгін әскерге шақыру басталды

Наурыз 1, 2021
ауа райы, Қазгидромет, боран, жел

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»