Қазақстан 2025 жылы полиэтилен пакеттерден бас тартуы мүмкін
Қазақстан 2025 жылы полиэтилен пакеттерден бас тартуы мүмкін

Қазақстанда 2025 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін қолдануға тыйым салынады. Қазір бұл мәселе қарастырылуда, – деп мәлімдеді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Айта кетейік, бүгін аталған ведомство мен «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның экологиялық қауымдастықтары арасында пластик пакеттердің қолданылуын тоқтату туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазіргі уақытта бұл мәселе қарастырылып, зерттелуде. Біз бұл шараларды кезең-кезеңімен азайтуды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл жөнінде нақты шешім қабылдау үшін, полиэтилен пакеттердің орнына балама керек»,– деді М.Мырзағалиев.

Бүгін тараптар бөлшек сауда желілерінде полиэтилен пакеттерін еркін сатудан бас тарту және қоршаған орта үшін қауіпсіз балама қаптамаларға көшу туралы меморандумға қол қойды.

«Біз меморандумға қол қою туралы шешім қабылдадық, соған сәйкес Қазақстанда пластикалық пакеттерді сатуға кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі. Іс жүзінде пакеттер желілер арқылы тегін таратылмайды, бірақ сатылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тиісті тәсілдер қолданылған кезде пластик пен полиэтиленді тұтыну 30% қысқарады. Тұтастай алғанда, сіз пакеттің құны бөлшек сауда желілеріндегі тауарлардың бағасына байланысты екенін түсінесіз. Пакеттерден бас тарту қоршаған ортаға келетін зиянды азайту мақсатында туындап отыр», - деп түсіндірген министр, сауда желілері мен дүкендер осы акцияға қосылады деген үмітін білдірді.

 

Шағын көлемдегі пластикалық пакеттерді бөлшек саудада сатуға кезең-кезеңімен тыйым салу нормасы Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінде бекітілген. М.Мырзағалиев аталған кодекске өзгерістер мен түзету енгізілген соң заң жобасы желтоқсан айында парламентке жіберілетінін айтты.