Месси «Барселонада» қалатын болды
Месси «Барселонада» қалатын болды
©Сурет интернеттен алынды
147
оқылды
Бұл туралы Prosports.kz. жариялады. Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, Мессидің әкесі Хорхе Орасио Месси «Барселона» президенті Жозеп Бартомеумен кездесуден кейін осындай шешім қабылдады.
Аргентиналық шабуылшы енді каталониялық клубта тағы бір жыл доп тебеді. 2021 жылы жазда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде өзге командаға ауысады.
Айта кетейік, өткен маусымда Месси 44 матчқа қатысып, 31 гол соқты және 26 нәтижелі пас берді.