Суицид жасамақшы болған жасөспірім құтқарылды
Суицид жасамақшы болған жасөспірім құтқарылды
©Сурет интернеттен алынды
Полицейлер 2 қыркүйек күні Сарайшық көшесінің бойындағы көпірден секірмекші болған жасөспірім қызды құтқарды.
Қыздың көпірден секірмекші болғанын мән-жайды көрген адамдар хабарлаған. Көп ұзамай көшелерде орналасқан бейнебақылау арқылы қызметкерлер сол орынды тауып алады. 5 минуттың ішінде патрульдік полиция қызметкерлері де келеді. Қызды құтқармақшы болған полицейлерге жасөспірім қарсылық танытып, жақындамауды өтінеді.
Алайда жедел түрде әрекет жасап, қызды аман алып қалған полицейлер оны Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізіп, ата-анасына табыстады. Қазір ол психологпен жұмыс істеуде. Ал құтқарушы қызметкерлер Полиция департаментінің марапатына ие болады.