Бекзат Нұрдәулетов кубалық төрт дүркін чемпионды жеңді
Бекзат Нұрдәулетов кубалық төрт дүркін чемпионды жеңді
142
оқылды

Қазақстан сенсация жасады. Олимпиада чемпионын нокдаунмен жеңіп, 2019 жылғы Әлем чемпионатының финалына шықты.


Кубалық боксшы сегіз жыл бойы Әлем кубогында жеңілмеген екен.

Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыққан ұлттық құраманың алғашқысы. Бұл жайында Vesti.kz хабарлады.

81 келі салмақтағы жартылай финалда Бекзат төрешілердің шешімімен төрт дүркін Әлем чемпионы және Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы кубалық Хулио Сезар-ла Крусты жеңді.

 Екінші раундта ол қарсыласы Хулио Сезар-ла Крусты нокаутқа жіберді. 

 30 жастағы Ла Крус Әлем кубогын 2011, 2013, 2015 және 2017 жылдары жеңіп алған.