Жаңа заңдар қабылданады
Жаңа заңдар қабылданады
154
оқылды
– Өз Жолдауында ел Прези­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­стан дамуының 11 басымдықты бағыты бойынша жаппай қамти­тын іс-қимыл жоспарын ұсынды. Бұл қатарға азаматтардың әлеумет­тік әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін өркендету, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалып­тастыру мәселелері, бұдан бөлек экономикалық өрлеу мәселеле­рінің үлкен блогы кіріп отыр. Енді депу­таттық корпустың басты мін­деті – Жолдау ережелерінің өмірде жүзеге асуын сапалы заңнамалық қолдауды жедел қамтамасыз ету болады, – деді Нұрлан Зайрол­лаұлы. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет жүйесін қайта жүктеу мақ­сатында жыл соңына дейін депу­тат­тар мемқызмет туралы қолда­ныс­тағы заңнамаға түзетулер топ­­­­та­­­масын қабылдайтын болады. Бұған қоса, Қазақстан Пре­зи­денті сапалы жаңа ұлттық индус­трия­ны дамытудың заңнамалық негізін жетілдіру міндетін қойды. Осыған орай, өнеркәсіп саясаты туралы заң қабылдау өзекті болуда. Бұл құжат жыл соңына дейін әзір­ленуі тиіс өңдеу өнеркәсібін дамы­тудың қағидаттарын, мақсат-мін­деттерін белгілейді. Экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасына тоқ­талған палата спикері жаңа құ­рал­ды – стратегиялық инвести­ция­лық келісімді енгізу туралы Пре­зидент бастамасын заңнама­лық қолдаудың маңызына екпін түсір­ді. – Үкіметке жыл аяғына дейін квазимемлекеттік сектордың бар­лық сатып алуына таралатын бі­рың­ғай заң жазу жүктелді. Бұл мә­селені депутаттар да талай кө­терді. Мемлекет басшысы біздің алды­мызға басқа бір міндетті қой­ды: Үкіметпен және «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге Салық кодексіне, заңдық актілерге реви­зия жүргізіп шығуымыз керек, – деді Н.Нығматулин. Көкейкесті заңнамалық акті­лер қатарында Экологиялық ко­декс жобасы аталды, ол бүгінде Мәжіліс қарауында жатыр. – Ұлттық парктерді және Қа­зақ­станның өзге де табиғи байлық­тарын заң жүзінде қорғауымыз, осы салада құқықбұзушылық жа­са­ған азаматтарды қылмыстық және әкімшілік қудалау ісін қатай­туымыз керек, – деді Нұрлан Нығ­матулин. Ол депутаттарды құқық қорғау және сот жүйесін реформалаудың, бизнесті күш құрылымдарының шектен тыс араласуынан құт­қа­рудың, сондай-ақ азаматтарды, әсіресе балаларды кибербул­линг­тен – әлеуметтік желі арқылы қы­сым көрсетуден қорғаудың заңна­малық ұстынын жасау мін­деті кү­тіп тұрғанын еске салды. Сонымен бірге, жыл соңына дейін «Қоғамдық кеңестер туралы» заңын қабылдау қажет болады. Заң жоба­сын Мәжіліс жұмысқа қабыл­дап алды. Президент «Қо­ғам­дық бақылау туралы» заңын, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу мәселесі жөніндегі заңын әзірлеп, қабыл­дау­ды тапсырды. – Біздің алдымызда орасан ау­қымдағы жұмыс тұр. Бұл ретте бас­ты басымдығымыз – Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету болады, – деп түйді Нұрлан Нығматулин.  

Айхан ШӘРІП