404 азамат кандидат ретінде тіркелді

404 азамат кандидат ретінде тіркелді

Семинар-кеңес бағдар­лама­сына сәйкес кандидаттарға: үгіт жүргізу кезеңіне дайындық; кан­ди­даттың үгіт жүргізу кезеңіне арналған жеке сайлауалды бағ­дар­ламасын жасақтау; жария пікір­сайыс ережесі және дайындық бойынша ақпарат берілді. Өз кезегінде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орын­басары Нұрлыбек Ожаев прай­ме­риздің тіркелу кезеңінің аяқталғаны жөнінде хабарлама жасап, тіркеуден өткен кандидат­тарды құттықтады. – Қорытындысы бойынша, Атырау облысы партияішілік іріктеу – праймеризге 408 адам ұсынылып, оның 404-і кандидат ретінде тіркелді (99 пайыз). Оның ішінде 34,7 пайызы – әйелдер (140 адам), 37 пайызы – 35 жасқа дейін­гі жастар (149 адам). Бас­тауыш партия ұйымдарынан  114 (28,3 пайыз) адам ұсынылған болса, қалған 289 (71,7 пайыз) адам – өзін-өзі ұсынушылар. Сонымен қатар 4 көпбалалы ана, 7 ерекше қажетті­лігі бар адам тіркелді. Қуантатын жайт – әйел азаматтар мен жастар­дың көптеп тіркелгені. Үгіт ком­паниясы қо­ры­­тын­дысымен қыр­күйекте жа­рия­ланатын облыс бойынша бес­жылдық 9 жер­гілікті бағдар­ламалардың жобалары азамат­тардың ұсыныс-пікірлерімен толықтырылатын болады, – деп атап өтті Нұрлыбек Ожаев. Партия филиалы жанынан құ­рылған «Саясаттанушылар ор­талығының» мүшесі, тарих ғы­лым­дарының докторы, саясат­танушы С.Сапанов «үгіт жүргізу кезеңіне дайындық, әр канди­даттың жеке бағдарламасының құрылымы қандай болуы қажет?» деген сұрақтар бо­йынша баяндама жасады. Семинар-кеңестің екінші бөлімі еркін форматта өтті. Об­лыс­тық пар­тия филиалы төра­ғасының орын­басары А.Азаматов «Дебат және көп­шілік алдында сөз сөйлеу» тақы­рыбында тренинг өткізді. Канди­даттар тарапынан праймеризге деген қызығушылық семинар-кеңес ба­рысында айқын көрінді. Тренинг кезінде мемле­кеттік тіл мәртебесінің үстемдігі қызу талқыға салынып, кандидат­тар өз пікірлерін білдіріп, белсен­ділікпен атсалысты. Семинар-кеңес дебатқа қа­тысу­шыларға арналған жеребе тар­ту рәсімімен қорытындыланды. Аталған іс-шара үгіт жүргізу ке­зеңіне дейін 7 ауданда өтеді.  

А.ЖҰМАШ