Ақтөбеліктер қаруланып жатыр
Ақтөбеліктер қаруланып жатыр
Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 1-31 қыркүйек ара­лығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оның бары­сында «қаруланған» аза­мат­тар онысын қалай сақтайтыны, қа­руын жоғалтқандарының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында 20 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мы­салы, 13-і қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзған. Екеуінің қару сақтайтын сейфі қабырғаға бекітілмепті, жай қоя салынған. Біреуі қаңылтыр шкафта сақтап келген, яғни сейф металы қалың­дығының параметрлерін сақ­­та­маған. 6-ауы қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзыпты. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Мәртөк және Шалқар ауданында 2 дана электрошокер тәркіленді. Мысалы, 1 қыркүйекте полиция қызметкерлері «Жайсаң» ҚӨК-де шекара қызметінің қыз­мет­керлерімен бірлесіп, елімізден Ресейге шығатын жолда Қазақстан азаматының басқа­руындағы «Рено Дастер» маркалы автокөлігін тоқ­татқан: оны тексеру кезінде 801 «TYRE» маркалы электрошокер табылды. Аталған факті бойынша хаттама толтырылып, Әкімшілік кодекстің 482-бабы бойынша әкім­шілік жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жіберіледі. Тағы бір анықталғаны, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 49 адам із-түзсіз жоғалып кетіпті. Оның 45-і кейін полиция мен еріктілердің бірлескен жұмысы ке­зінде табылған.  

Ерік ЕРДЕНОВ