Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Салық төлемегендер азаймай тұр

Мемлекет қаржысының қайнар көзі салықтан түсетіні айтпаса да белгілі. Кейбір дамыған елдерде бюджеттің 90 пайызын салық толтырып отырады екен. Қош, бұл бөлек әңгіме. Қазіргі кезде елімізде салықтан жалтарғандардың қарасы көп. Олардың қатарында қалтасы қалың азаматтар да жетерлік. Ал мемлекет алдындағы жауапкершіліктен қашуға не себеп?

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 4, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
salik

 

Бюджет түсімі азайған

Биыл мемлекеттік бюджетке салықтан түскен қаржы біршама ортайғанға ұқсайды. Мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйеніп, кезеңге жіктеп, салыстырар болсақ, 2019 жылдың қаңтар-шілде айының аралығында ел қорына салықтан 4,8 трлн теңге пайда түсіпті. Ал биыл, 2020 жыл­дың қаңтар-шілде айларында бұл көрсеткіш 4,2 трлн теңге болған. Демек, өткен жылғымен салыс­тырғанда, салық түсімі шамамен 10,7 пайызға азайыпты. Тамыз айының басында Қаржы министрі Ерұлан Жамау­баев салық бойынша түсімнің азаюына пандемияға байланысты енгізілген шектеу­лер­дің тікелей әсері болғанын алға тартқан еді.

«Алым-салықты арттыру агросекторды дамытпайды» – Сырым Ертаев

Мемлекеттік операторлар монополиясы

Қаржылай көмек көрсетті

 

Салық рақымшылығы оңалтты ма?

Қазіргі кезде салықтық боры­шын төлемеген жеке тұлға­лардың негізгі қарызын қосқанда 6,2 млрд теңге болса, өсімпұлы 3,4 млрд теңге болып отыр. Жуырда Мем­лекеттік кірістер комитеті жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған 263 млн теңгеден асатын қарызы бар 100 азаматтың  тізі­мін жариялады. Олардың өсімпұлды есептен шығаруға мүм­кіндігі бар екені қоса айтылған. Яғни, 166 150 674 теңге болатын негізгі қарызды төлесе, есептелген 97 694 946 теңгелік өсімпұл ке­шірілетіні мәлім болған. Осы антирейтинг тізіміне үңілсек, бі­рінші орында көлік салығының жалпы сомасы 11 млн теңгеге жуықтаған Алматы қаласының тұрғыны тұр екен. Негізгі қарыз – 6 314 141 теңге, өсімпұл – 4 618 660 теңге. Жер салығы бойынша ең көп борыш жинақтаған азамат Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол жалпы сомасы 723 455 теңге қары­зын өтеген жағдайда 73 719 теңге со­масындағы өсімпұлдан боса­тылуы мүмкін. Ал мүлік салығы бойынша рейтингті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бастап тұр, оның жалпы қарызы  1 165 033 теңгеге жеткен.

Айтқандай, бұл тек қомақты борышы бар азаматтардың бірлі-жарымы ғана. Өкінішке қарай, салық бойынша қарызын төлеме­ген ел азаматтары көп. 2 шілдеде Салық кодексіне өзгерістер ен­гізіліп, жеке тұлғаларға салық­тық рақымшылық жасау қайта ұсы­нылған еді. Яғни, былтыр мерзімі өтіп кеткен салығын төлемеген азаматтар берешектің негізгі со­масын өтесе, өсімпұлы кеші­ріледі. Жалпы, 2019 жылғы са­лықтық рақымшылықтың арқа­сында қарызы бар 1,24 млн адам­ның 60,9 пайызы мемлекет алдындағы қарызынан құтылған екен. Деген­мен тұлғалардың қалған 30,1 пайы­зы әлі күнге дейін салығын өте­меген.

Салықтық рақымшылық ке­зінде қарыздың тек негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Содан соң өсім­пұл автоматты түрде есептен шы­ға­рылады-мыс. Жаңа салықтық рақымшылық 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Жалпы, 2019 жылы Қазақстанда 755 мыңнан ас­там азамат салық рақым­шы­лығын пайдаланып, 15,9 млрд теңге негізгі қарызды төлеген. Со­ның арқасында 3,1 млрд теңге өсі­мпұл есептен шығарылған. Бол­жам бойынша, 2020 жылы салық рақымшылығын шамамен 1,2 млн азамат пайдалануы мүмкін. Егер болжам расталса, бюджетке 12,7 млрд теңге пайда түсіп, 4,3 млрд теңге өсімпұл кешірілмек.

 

Борыштан қашқанға жаза қандай?

Көпшілік салықты мәжбүрлі түрде емес, өз еріктерімен төлегені жөн. Ол үшін әрбір жеке тұлға өзінің қарызының бар-жоғын тексеріп отыруы қажет. 2018 жылы Салық кодексіне біршама өзге­рістер енгізіліп, жаңа тәсілдер арқы­лы қарызды қайтару жолы қа­растырылған болатын. То­лық­қан ереже сот үкіміне де селқос қа­райтындарға бағытталған. Со­ны­мен, салықтан қашқан жеке тұлғалар үшін жазаның қандай болатынын шолып өтсек.

Әуелі Салық кодексінің 24-ба­бына сәйкес салық төлемеген аза­маттың банк картасы, есепшоты толық бұғатталады. Яғни, кез кел­ген төлемдерді жасай алмайды. Берешегін өтегенше есепшот аша алмайды. Әрі онлайн сауда-саттық жасау, құнын бөліп төлеуге бола­тын тауар алу сияқты мүмкін­діктердің барлығынан қағылады. Сонымен қатар борышкер шека­радан әрі аспай, ел аумағынан шыға алмайды. Мұндай азамат­тардың тізімін  сот орындаушылары Әділет министрлігінің сайтында жариялап отырады. Есте болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін салыққа салғырт қарағандардың мәселесін тек сот ше­шетін. Қағаз­бастылық болып, сот процесі ұзақ уақыт күттіретін, қыс­қасы маша­қаты көп еді. Оның үстіне, сот орындаушыларының да өзіндік пайыздары бар. Олар төлен­беген салықты өндіріп, оның үстіне сол өндірілген қаржының 25 пайызын алады. Біз айтып отырған жаңа өзгеріс бойынша, бұдан былай азаматтың мүлкіне салынған са­лық мөлшерін комитет бұйрық арқылы өндіріп алады. Салық төлеушіге алдын ала ескертіліп, салықты төлеуге тағы 30 күн уақыт беріледі екен.

– Негізі, салықты сотсыз өн­діру әдісі бұрынғыға қарағанда өте тиімді болды. Себебі сот арқылы өнді­рілгенде ортада сот орын­даушылары жүретін. Олар­дың жұмысы үшін алатын ең­бекақысы сол өндірілген салық­тың бір бөлігінен алы­натын. Бұл – қосымша шығын. Ал өндіру ісіне келер болсақ, ескертуге қара­мастан аза­мат салығын өте­месе, онда салық инспекторлары куәгер арқылы тінту жүргізуге құқылы. Мұ­­­ның жаманы, қыл­мыстық жауап­­­кершілікке дейін апаруы мүм­­кін. Азамат жеке басына қатысты де­рек­терді бұрмалап, мүлкі жайлы мәлі­меттерді бұр­малаған болса, іске құ­қық қорғау органдары арала­сады, – дейді заңгер Сіламхан Са­ғын­бекұлы.

Бұдан бөлек, Салық кодексі­нің 51-бабы негізінде қарызын төлеуге қиналған азаматтар үшін бөліп төлеу мүмкіндігі де қарас­тырылады екен.

Қорыта айтқанда, салық – әр аза­­маттың мемлекет алдында орын­­­­дауға тиіс міндеті іспетті. Ал са­лық­тан жалтару ел алдын­дағы бо­ры­шы­нан қашу деп түсінгеніміз абзал.

 

Мадияр ТӨЛЕУ

 

 

 
ID: 0
Тегтер: Бюджетқаржысалық
Алдыңғы жаңалық

«Кісі өлімі көбейеді» – Бекшин жаңа пневмония жайында айтты

Келесі жаңалық

Бір тәулікте тағы 89 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды

Ұқсас жаңалықтар

жүк көлігі, жүргізуші
Жаңалықтар

Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты – видео

Сәуір 18, 2021
кинотеатр
Жаңалықтар

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
жұмыртқа
Жаңалықтар

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 2021
коронавирус
COVID-19

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты – видео

Сәуір 18, 11:18

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 10:39

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 10:12

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 09:52

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сәуір 18, 09:27

Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып кеткен

Сәуір 18, 00:24

Қарағандыда 274 киік мүйізі мен қаруы бар үш адам ұсталды

Сәуір 17, 23:28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жүк көлігі, жүргізуші

Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты – видео

Сәуір 18, 2021
кинотеатр

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»