Президент Жолдауы – басшылыққа алынатын құжат
Президент Жолдауы – басшылыққа алынатын құжат
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен оты­ры­сында «Жаңа жағдайдағы Қа­зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жол­дауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныс­тырды. Қазақстанды дамытуда әрбір азаматтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақ­тың мүддесін қорғаудың нақты жол­дарын ұсынды. Биылғы Жолдаудың ең бас­ты ерекшелігі, біріншіден, эконо­микадан бастап саяси рефор­маға дейін қамтитын негізгі алты бө­лімнен тұрады, екіншіден, «елі­міздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек. Олар: игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі; жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі; әділ бәсекелестік, кәсіпкер­лер­дің жаңа буыны үшін нарық ашу; өнім­ділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технология­лық сипатын арттыру; адами ка­пи­талды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту; жасыл экономиканы дамыту, қор­шаған ортаны қорғау; мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қа­былдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу, – деді Мемлекет басшысы. Жалпы, биыл Жолдауда әлемді әбігерге салған пандемия кезінде айқын көрініс тапқан еліміздегі өзекті мәселелердің барлығы кө­терілуі қатты қуантады. Ол ең ал­ды­мен, білімнің қолжетімді әрі са­палы болуын қамтамасыз етудің маңыз­дылығы мен денсау­лық сақтау саласын дамыту жайын­да айта келіп, отбасылық-демогра­фия­лық жағдайына және балалар­дың құқығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді, келесі жылдан бастап тұрғын үй алу, емделу мен білім алу мақсатында азаматтар зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалана алады. 2021 жылдан бастап мұғалімдер жа­лақысы 25%-ке өседі, қашықтан оқытудан біртіндеп дәстүрлі оқу­ға көшуді қарастыру, бірыңғай он­лайн оқу форматын жетілдіру, елі­мізде жас ғалымдарды қолдау мақса­тында ғылыми жобаларға грант­тық қаржыландыруды арт­тыру. 2023 жылға қарай дәрігер­лердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп болады. Келесі жылдан бастап ауыл әкім­дерін халық сайлайтын бо­лады. Ауыл әкімдеріне өз бюд­жеті беріледі, көшелерді жыл сайын жөндей беретін жобалар тоқтатылады. Мәслихат депутат­тары петиция арқылы қол жинап, жергілікті жердегі мәселелерді кө­тере алатын тетіктер қарасты­рылады. Мәслихат отырыстары онлайн көрсетілетін болады, онлайн петиция іске қосылып, ел азаматтары өзекті тақырыптарды көтере алады деген сияқты өзек­ті мәселелерге басты назар ауда­рылды. Екі сағатқа жуық созыл­ған Президент Жолдауы бүкілхалық­тың көңілінен шықты деп ойлай­мын, себебі Мемлекет басшы­сының пікірінше, заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше, әлеумет­тік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін емес. Алдымызда мем­лекеттің азаматтарға қызмет етуінің жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс бар. Бұл істе маңызды рөл атқаратын құқық қорғау органдары мен сот жүйесін үлкен реформалар күтіп тұр. Эко­номикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тә­жірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап бе­ретін үлгі керек. Қазақстанда өкілет­тіктердің аражігі нақты ажы­ратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуі тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Жолдауда елімізде партия құрылысы үдерісін жал­ғас­тыру туралы да көтерілді: «Көш­басшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқа­сында «Nur Otan» партиясы елі­міздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді. Біз қо­ғам игілігі үшін сындарлы саясат жүргізіп келе жатқан басқа да саяси партиялармен және қозға­лыс­тармен ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз қажет. Қоғамды тол­ғандырып отырған негізгі мә­се­лелер көшеде емес, Парла­ментте және азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс. Депутаттар Үкіметке өзекті мәселелерге қатысты сауал­дарын жолдап, нақты шара­лар қабылдауды талап ете оты­рып, өздеріне берілген заңды құқық­тарын пайдалануы қажет. Заң шы­ғарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас жасанды тартысқа емес, іскерлік сипатқа, өзара құрметке негізделуі тиіс. Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің саналуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп санаймын. Бұл саяси жүйе тұрақтылығының ұзақ болуы үшін маңызды. Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің дамуына оң ықпал етуі тиіс» деп мәлімдеді. Сондықтан биыл Жолдаудың «Nur Otan» партиясы праймеризі­нің басталуымен тұспа-тұс келуі кездейсоқ емес. Праймериз жеңім­паздары жаңа саяси-әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. «Nur Otan» партиясы Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан экономикалық және саяси реформаларды жү­зеге асыратын жүйелі жаңа кадр­лардың қайнар көзі бола ала­ды. Сабақтастық шеңберінде Мем­лекет басшысы «Халық үніне құлақ асу» тұжырымдамасына сәйкес елдің қоғамдық-саяси саласын ырықтандыру процестеріне жаңа серпін берді. Бір жыл ішінде заң­на­маға сайлауға қатысты өз­герістер мен толықтырулар енгі­зілді, саяси партиялар шегі төмен­детілді, әйелдер мен жастарға ар­нал­ған арнайы квоталар енгі­зіл­ді, бейбіт жиналыстарды ұйым­дас­­тыру мен өткізу шарттары едәуір жеңіл­детілді, парламенттік оп­по­­зи­ция мәртебесі заңнамалық тұр­­ғы­дан бекітілді. «Nur Otan» – бұл өзгерістер партиясы, Жол­­дауда Президент ұсынған рефор­ма­лардың жол бастаушысы. Жолдаудың іс жүзінде жүзеге асуын қоғамдық партиялық бақы­лау назарда ұстайды. Жолдаудағы тұжырымдар мем­лекетіміздің дамуы үшін қажет­тіліктерден пайда болған әрі олар­дың жүзеге асырылу мүмкін­діктері мен тетіктері жан-жақты қарастырылған аса маңызды құжат. Ендігі мәселе әрбір қазақстандық осы Жолдауда белгіленген бағ­дар­ла­маларды іске асыруға өз үле­сін қосуы қажет. «Nur Otan» партия­сының да мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру.  

Меруерт КЕНЖЕБАЙҚЫЗЫ, саясаттанушы