Бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта тұман түседі. Бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал. Тәулік бойы Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, күндіз Алматы облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз Павлодар облысында екпіні 25 м/с болады, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан облысының кей жерлеріндеде шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Атырау, Алматы облысының батысы, Түркістан облысының шығысы, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.