Бір отбасын өлтіріп, үйді өртеп кеткен күдіктілерді Ресейден де іздеп жатыр
Бір отбасын өлтіріп, үйді өртеп кеткен күдіктілерді Ресейден де іздеп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
Оралдық полицейлер Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салған. Дегенмен қылмыстық істі тергеу амалдары қазір тоқтап тұр. Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, тергеу мерзімі уақытынан өтіп кеткен. Яғни, іс процессуалдық тұрғыда тоқтатылды.
БҚО Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкий: «Полиция келген кезде оқиға орнында қылмыскерлер болмаған. Бірақ сол жерден түрлі айғақ заттар табылды. Табылған саусақ таңбаларын да тексеріп жатырмыз. Ресейлік әріптестерімізге де хат жолдап, сұрау салдық. Тергеу ісі әлі аяқталмағандықтан, қалған ақпаратты айта алмаймын», – деді.
Айта кетейік, биыл қаңтардың 14 күні Янайкино кентінде қанды оқиға болған. Запромётовтер отбасын белгісіз біреулер қойша бауыздап кеткен еді. Қылмысын жасыру мақсатында қарақшылар үйді өртеп кеткен. Ауылдастары Запромётовтердің ешкіммен араздығы жоқ, үлгілі отбасы болғанын айтады. Жан түршігерлік оқиғаға байланысты 3 қылмыстық іс қозғалып, Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.