Қарағанды облысында инвестиция көлемі екі есеге артады
Қарағанды облысында инвестиция көлемі екі есеге артады
126
оқылды
Өңірде 13 мың жұмыс орнын құрумен 44 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Шағын және орта бизнес саласында биыл 1 700 кәсіпкерлік жобасы қолдауға ие болды. Болашақта облыс жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістер мен техникалық қызметтердің орталығына айналуы мүмкін. Облыста Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша жоспар әзірленуде. Әрбір бағыт бойынша өңірлік стратегия әзірленетін болады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек актив отырысында әлеуетті өсу нүктелері туралы айтып берді.
– Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында бізге, жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты міндеттер қойды. Біз Президент тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуіміз керек, – деді Жеңіс Қасымбек. – Біздің бәсекелестік артықшылықтарымызды ескере отырып, өңірді аумақтық және кеңістіктік дамыту тәсілдерін қайта құру қажет. Біздің облысымыз дәстүрлі түрде жоғары ғылыми және технологиялық әлеуетке ие. Жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістер мен техникалық қызмет көрсету орталығына айналуға барлық алғышарттар бар.
Басымдықтардың бірі өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл салада инновациялық және экспортқа бағытталған жобаларды іздестіру жанданады.    width= 2025 жылға қарай инвестиция көлемін 1,4 трлн теңгеге дейін арттыру жоспарлануда – бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Биыл 2 500 жұмыс орнын құрумен 203 млрд теңгеге 12 жоба іске қосылады. Облыс әкімі «Террикон алқабы» IT-хабын құру жоспарлары туралы айтып берді. Өңірде өз IT-өнімдерін әзірлеу көзделіп отыр. Хабта 300-ден астам компания акселерациядан өтеді, ал 2025 жылға қарай облыста IT-мамандар қауымдастығы 10 мың адамға жетеді. Шағын және орта бизнесті қолдау күшейтіледі. Тек осы жылдың өзінде 4 500 кәсіпкер қаржылық және қаржылық емес көмек алады. Барлық бағдарламалар бойынша 1 700 жоба қаржыландырылды. Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында 30 мыңнан астам кәсіпкер салық, банк несиелері және жалдау ақысы бойынша мерзімін ұзартты. Өңірде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша автожолдарды жақсарту жалғасады. Келесі жылы Қызылорда - Жезқазған жолын қайта құру жұмыстары басталуы тиіс. Республикалық трассаларда төрт бағытта күрделі жөндеу жоспарланған. Цифрлық революцияның арқасында қарағандылықтар жақын арада тағы 30 қағаз анықтамадан құтылады. Бүгінде электронды форматта 143 мемлекеттік қызмет көрсетіледі - бұл 83% құрайды. Мемлекеттік аппарат қысқаруда. Биыл штат саны 359 бірлікке, 2021 жылы 538 бірлікке қысқарады. Білім және денсаулық сақтау саласында да үлкен жоспарлар құрылуда. Облыста жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау ұлғаяды. Олар бала сүйе алмай отырған отбасыларға көмектеседі. Облыстық ЭКО орталығын құру мүмкіндіктерін зерттейді.