Қазақстанда ет бағасы күннен-күнге қымбаттап барады
Қазақстанда ет бағасы күннен-күнге қымбаттап барады
Фото: Интернеттен алынды
Cоңғы 1-2 жылда еліміздегі сиыр етінің көтерме бағасы 1200-1400 теңгеден сатылып келеді. Бірақ нарықтағы ет бағасы шарықтап келеді. Алыпсатарлардың қолынан өткен өнім сатып алушыға 500-600 теңгеге қымбат болып жетеді. «Қазақстан Ет одағының» бас директоры Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, жағдайды күрделендірмеу үшін онлайн сатылымды қолға алу керек. Содан кейін ет өндірісін еселенуі тиіс. Сұраныс бар. Ұсыныс та соған лайық болса, бағаны түсіруге болар еді. Жыл сайын елде ет өндіру орташа алғанда үш-бес процентке өсіп отыр. Мысалы, биыл 500 мың тонна сиыр еті, 150 мың тоннаға жуық қой еті өндірілді. Мамандар бағаның әлі өсетінін болжады. Өйткені мал азығы қымбат. Қазақстанның батыс бөлігінде бір тонна арпа 70 мың теңгеге сатылып жатыр. Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, мұнда жаз құрғақ болған. Бұл шаруалардың шаш етектен шығындалуына алып келді. Нәтижесінде, өнімнің өзіндік құны екі есе көбейген.