Соғыс тәжірибесі ескерілді
Соғыс тәжірибесі  ескерілді
166
оқылды

Парламенттің жоғарғы палатасының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысындағы көшпелі отырысында сенаторлар әскери оқу орындарын одан ары дамыту мәселелерінің шешілуі барысына қанықты.

Сенаторлар Қорғаныс ми­нистрлігінің Щучинск қала­сын­дағы Кадет корпусында бол­ған­да, оқу бағдарламасымен, оқу кор­пустарымен, сондай-ақ әске­ри қызметшілердің тұрғын үй-тұр­мыстық жағдайларымен та­нысты. Кадет корпусындағы тех­­никалық дайындық және ату-үйрену жаттығулары өтетін сынып бөлмелерінің материал­дық-техникалық жабдықталуы көрсетілді.

Қорғаныс министрлігі бас­шылығының ақпараты бойынша Кадет корпусында білім беру қызметінің стандарттары жа­ңартылды, ал оқу бағдарламасы аясында әскери пәндерге қа­тысты түзетулер енгізілді. Оның ішінде оқу пәндерінде енді Ауған­стандағы, Ирактағы, Си­риядағы, Шешенстандағы, бас­қа да жергілікті қақтығыстардағы ұрыс қимылдарының тәжірибесі ескеріліпті.

Комитет мүшелері сол күні Көкшетау қаласындағы ма­мандандырылған өрт сөндіру бөлі­мінде, сондай-ақ Ішкі іс­тер ми­нистрлігі ТЖК техни­калық инс­­титутында болды. 1 жыл бұ­рын іске қосылған өрт сөндіру бөлімі қаланың сол­түстік бө­лі­гінде өрт қауіп­сіз­дігін қамтама­сыз етеді. За­ма­науи өрт техни­касымен және жабдықтарымен, жайлы қыз­мет­тік және тұр­мыс­тық үй-жай­лармен жабдық­талған екен.

Ішкі істер министрінің орын­басары Юрий Ильиннің ай­туынша, жаңғырту аясында инс­­титуттың 4 оқу орталығы құ­рыл­ған. Оқу орнын материал­дық-техникалық қамтамасыз ету жақсарды. Осы мақсатта бюд­жеттен 2019 жылға 1,087 мил­лиард теңге бөлінген, ал бұрын бұл шығындар 909 млн теңгені құрайтын. Келесі жылы инсти­туттың профессор-оқыту­шы құрамының жалақысын 25 па­йызға арттыру көзделіп отыр. Оның айтуынша, оқу кор­пусы мен казарманы салу мә­селесі кезекте тұр, министрлік тиісті жобаларды мүдделі мем­лекет­тік органдардың келісуіне жолдапты.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед көшпелі отырысты қорытындылай келе, Дариға Назарбаеваның басшылығымен өткен бұрынғы көшпелі отырыс­тарда көтерілген маңызды мәсе­лелердің басым бөлігі оң ше­шімін тапқанын атап өтті. Сенат басшылығы ІІМ жүйесінің ал­дағы реформасына, оның ішін­де төтенше жағдайлар органда­рын жетілдіруге қатысты қо­йылған міндеттер мен ұсыныс­тардың ше­шілуіне оң ықпал етеді. М.Құл-Мұхаммед бұл мә­селелердің бәрі жоғарғы палата комитетінің тұрақты бақы­ла­уын­да екеніне сендірді.

Ерік ЕРДЕНОВ