Митинг, Әблязов және «Оян, Қазақстан!» Ертісбаев бұл туралы не дейді?
Митинг, Әблязов және «Оян, Қазақстан!» Ертісбаев бұл туралы не дейді?
186
оқылды

Саясаткер Ермұхамед Ертісбаев «Азаттық рухы» ақпараттық порталының Azat alań жобасына сұхбат берді.

Azat alań жобасына келіп ашық пікір айтқан саясаткер 25 минут ішінде бірнеше сауалға жауап берді. Жүргізуші Ардақ Сейітқазиннің алғашқы заңсыз митингілерге қатысты сұрағына Е.Ертісбаев Конституцияда аза­мат­тардың бейбіт митингіге шы­ғуына құқық берілгенін, кез кел­ген азамат көшеге шығып, ұран­датып, өз пікірін айтуына құқы барын айтты. Оның айтуынша, әлемнің барлық мемлекетінде митинг туралы ұғым құқық нор­малармен бекітілген, біздің елдің заңында да ережесі анық жа­зылғанын, бірақ митинг ке­зінде полиция шерушілермен бірге жүру қажет екенін айтты.

«Тіпті, рұқсат етілген митинг болса да полиция қызметкерлері қабаттаса жүруі керек. Мысалы, бәріңізге белгілі Парижде болған оқиғаларды алайықшы, «сары желетке» кигендердің шеруі ке­зін­де қалада тонау, ұрлық көп орын алды. Халықтың шеруде жүргенін пайдаланып, біреулер тонаумен айналысты. Сол кезде полиция олардың жолын кесті»,–деді ол.

 

«Полицияның жалақысын көбейтсек...»

Ертісбаев сұхбат барысында елі­міздің полициясының ай­лы­ғын көтеру туралы да ұсыныс айт­ты. «АҚШ-та полицейлер­дің жыл­дық табысы 30-40 мың дол­лар, яғни айына, кем дегенде, 2 500 доллар табыс табады және қо­сым­ша әлеуметтік пакет қа­рас­ты­рыл­ған. Біздің құқық қор­ғаушыларға да сондай жағдай жасасақ, бар­лығы өзгерер еді. Мысалы, Гру­зия­да айлықты кө­теріп, жемқор­лықты жойды. Қазір грузиндердің полицияға деген сенімі жоғары, шіркеуден кейін азаматтар по­лицияға се­неді», – деді саясаткер.

 

«Әбіләзовке керегі – құрбандық»

Ермұхамед Ертісбаев өзінің бұ­рынғы банкирмен дебаты ту­ралы айтып, Мұхтар Әбіләзовпен пікірталаста оны жеңемін деп мақсат қоймағанын жеткізді. Саясаткердің айтуынша, екеуінің арасындағы пікір алмасу дебат деп айтуға да келмейтінін, де­баттың өз мәдениеті болатынын, ондай жоғары деңгейдегі дебаттар АҚШ, Еуропа мемлекеттерін­дегідей саяси мәдениет тұрғы­сын­да жасалатынын тілге тиек етті. «Мұхтар Әбіләзовтің интернет арқылы тыныш жатқан мемле­кет­ке үлкен бүлік жасап отырғанына, арандатып жатқанына елдің, әлемнің көзін жеткізуді мақсат еттім. Ол тіпті интернет арқылы өзін Қазақстанның Премьер-министрі сезініп кеткендей. Ол өзінің жеке басындағы өшпен­ділігін туған халқына та­ңып, халық арқылы дегеніне жет­кісі келеді. Оған керегі – құр­бан­дық»,– деді Ертісбаев.

Сондай-ақ Е.Ертісбаев сұх­бат барысында кезінде Мұхтар Әбілә­зовтің Қырғызстанның прези­денті Атамбаевқа «Қазақ­станға су жібермей қой, сонда оңтүстіктегі халық сусыз қалған соң, елде тұ­рақ­сыздық болады» деп кеңес бер­генін де айтып өт­кен. «Мұхтар өзі сол өңірдің ту­масы. Мұндай сөз­ді қалай дәті барып айтты. Осы­дан кейін Әбіләзовке қалай сенуге бола­ды?» – дейді саясаткер.

 

«Жастар партия құрып, саясатқа араласамын десе, қолдаймын»

Ертісбаев өз сөзінде елде сая­си белсенді жастар өсіп келе жат­қанынан хабардар екенін тілге тиек еткен. Егер саяси тұрғыда бел­сенді жастардың партия құру ойлары болса қолдайтынын айт­қан саясаткер, жастарға қарата «40 мың адам қол жинап, оны тіркету біраз жұмыс. Мен «Оян, Қа­зақстан!» қозғалысындағы жас­тарға елімізде тіркелген 7 пар­тия­ның кез келге­ніне барып жұмыс істеңіздер дей­мін. Жаңадан пар­тия құрғанша, неге дайын тұр­ған саяси ұйым­дардың жұмысын жетілдірмес­ке?» – деп кеңес берген.

Сұхбат соңында ел азамат­тарына Мұхтар Әбіләзовтің ин­тер­неттегі айдап салма сөзіне еріп, заңсыз митингіге шығып, заң­ға тартылып қалмауын сұраған Ермұхамед Ертісбаев халықты елдегі бірлікті сақтауға шақырды.

«Бейбітшілік – Қазақстан­ның бренді». Әбіләзов арқылы біреу­лер сол бірлікті құртқысы ке­леді. Біз еліміздің екінші Пре­зидентіне көмектесіп, мемле­кетіміздің ірге­сін одан ары бе­кітуіміз қажет», – деді саясаткер сұхбат соңында.