Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Шығынға батқан кәсіпкерлер қандай төлемдерден босатылады?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың айтуынша, дағдарыстан зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері Жалақы төлеу қорынан зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына төлем аударудан жылдың соңына дейін босатылады.

Нұрбек БАҚЫТ
Қыркүйек 4, 2020
Жаңалықтар, Саясат
салық, төлем, Әлихан Смайылов, шағын және орта бизнес

Фото: Интернеттен алынды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында экономиканы тұрақтандыруға және жаңа жағдайда елдің орнықты дамуына бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын белгілеп берді. Президент айтқандай, бүгінгі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Осы міндетті сапалы орындау үшін Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында соңғы заемші үшін жылдық 6 пайызға жеткізе отырып, ШОБ-тың қолданыстағы кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау жүргізіледі. Судсидиялау төтенше жағдай режимі жарияланан сәттен бастап 12 айлық кезеңді жабады», – деді бірінші вице-премьер.

Оның айтуынша, бизнесті дамыту үшін шаралар қабылданады. Нақты жоспарлар жүзеге асады.

«Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексіне бекіте отырып, реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар дайындалып жатыр. ШОБ субъектілері осы жылдың соңына дейін республикалық және коммуналдық меншік нысандары бойынша жалға алу төлемін төлеуден босатылады. Мұндай шара квазимемлекеттік нысандарға да қолданылады. Зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері Жалақы төлеу қорынан зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына төлем аударудан жылдың соңына дейін босатылады. Орта шикізаттық емес кәсіпорындарға бағдарланған экспорттық акселлерация бағдарламасы іске қосылады. Кәсіпкерлікті қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлініп, жеңілдік ставкамен айналым капиталын кредиттеу көлемі 800 млрд теңгеге дейін жеткізіледі және бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 35 пайызға дейін арттыру және бұл салада жұмыспен қамтылғандар санының 4 млн адамға дейін жеткізу тапсырмасын орындауға септігін тигізеді», – деді Әлихан Смайылов.

QR-кодпен төлеу дәуірі…

Көлік салығы елді неге ашындырды?

Армениядан әкелінген көліктерге екі рет салық салынбайды

 
ID: 0
Тегтер: Әлихан Смайыловсалықтөлемшағын және орта бизнес
Алдыңғы жаңалық

Ауылда кезекші сынып ашылған жоқ

Келесі жаңалық

Бейруттағы үйінді астында тірі адам болуы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

Алматы, Наурызбай ауданы, су құбыры, адам өлімі
Жаңалықтар

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 2021
Қарағанды, жедел жәрдем, жұмыс, жылы киім
Жаңалықтар

Жылы киім сұраймын деп жұмыссыз қалды

Сәуір 22, 2021
жол, Алматы, астана, Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 08:44

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 08:15

Жылы киім сұраймын деп жұмыссыз қалды

Сәуір 22, 08:07

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Сәуір 22, 07:39

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 22, 07:04

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 00:06

Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сәуір 21, 23:35
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы, Наурызбай ауданы, су құбыры, адам өлімі

Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты

Сәуір 22, 2021
коронавирус, ауру, науқас

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»